Коронавирус қаншалықты қауіпті?

Коронавирус қаншалықты қауіпті?
Фото: Freepik

Оқырмандардың коронавирус туралы сұрақтарына біз бірнеше жыл бойы АИТВ/ЖИТС пандемиясына қарсы күресті зерттеген иммунолог, қазіргі таңда Профилактикалық медицина академиясының президенті, профессор Алмаз Шарманның жауап беруін өтіндік.

Ең алдымен, вирус дегеніміз не екені жайлы толықтай түсініктеме беріп өткен жөн деп есептеймін. Жалпы вирустар планетамызда шамамен 4 млрд жылдай өмір сүріп келеді. Олар  –  бактериялар мен саңырауқұлақтар сияқты микроорганизмдер. Дегенмен, вирустардың мөлшері әлдеқайда кішкентай.

Вирустар кез келген ортадағы тіршілікке өміршең, тез бейімделгіш болып келеді. Өйткені, олар басқа ағзалардың адамның, жануарлардың, өсімдіктердің және тіпті бактериялардың ресурстарын пайдалана отырып көбейеді. Яғни вирустар  – паразиттер. Сондай-ақ, латын тілінен вирус дегеніміз "у" дегенді білдіреді.

Коронавирустар – осындай микроорганизмдердің бірі ғана. Бұл 300-ден астам түрден тұратын вирустар тобы. Коронавирустардың көпшілігі адамға зиянсыз келеді.

Оларды алғаш рет 1950 жылдары электрондық микроскопияның көмегімен анықтаған болатын. Сонда олардың бетіндегі көптеген өткір қармауыштарына қарап, бұл микроорганизмдер "коронавирустар" деген атқа ие болған еді.

Дәрігерлік қызметімде мен коронавирустық инфекцияны жұқтырғандарды кездестірген едім, көп жағдайда бұл ауруға балалар шалдығатын, бұл вирус жоғарғы тыныс алу жолдарының зиянсыз қабынуымен көрініс беретін.

Суық тию және жөтел ауруларының шамамен төрттен бір бөлігі осы микроорганизмдерден туындайды. Алайда соңғы уақытта адамдар өте қауіпті коронавирустарға тап болып жатыр. Олар әдетте жануарлар әлемінен келген "кірме вирустар".

Алмаз Шарман, медицина профессоры

 
А. Рысдәулет