- Негізгі бет
- Денсаулық
- Коронавирус жұқтырған адамның...
Коронавирус жұқтырған адамның тырнағында белгі болады
Коронавирус жұқтырған адамды тырнағына қарап білуге болады. Осылай дейді Ұлыбританияның Дерматологтар қауымдастығының мамандары.
Олардың айтуынша, коронавирус адам ағзасына ауыр инфекциялардың бірі, сондықтан оның белгілері мен тигізген зақымы сыртқа да білініп тұрады. Әрі дәрігерлер іштегі ауруды сыртқы, терідегі белгілерге қарап анықтайтыны тағы бар. Сондай белгілерінің бірі – тырнақ.
Ауырған, кейін жазылып шыққан адамның тырнағында көлденең сызықтар болуы мүмкін. Ондай сызық көзге оңай көрінеді. Кейбірі шұқырлау боп келеді. Оның орнына жарты ай іспеттес қызық дақ пайда болуы мүмкін.
Мамандардың айтуынша, тырнақтың ұшы тоқсарылау болса, түбі түсіп қалса да – коронавирустың белгісі.
Адам ковидпен ауырған кезде, тырнақтың өсуі де баяулап, жоғарыда айтылған белгілер содан пайда болады екен.
Қ. Слямбек