- Негізгі бет
- Денсаулық
- Қолға қарап ауру...
Қолға қарап ауру түрін анықтауға болады
Қол мен саусақтарға қарап кей ауру түрлерінің белгілерін көруге болады. Әсіресе саусақтағы өзгерістер денсаулығыңыздың «жаршысы» бола алады. Десе де қол мен саусақтағы өзгерістер ауруыңызды анықтап, оны өзіңіз емдеу үшін емес, дәрігерге көрініп, тексерілуіңізге нақты себептің болғанын аңғартады.
1. Қолыңыз қысы-жазы бір жылымайтын болса, онда аяқ пен қолдағы қанайналымның бұзылғанынан хабар береді.
2. Қол қимылдағанда білегіңіз сықырласа, кальций тапшылығының жетіспеушілігі болуы мүмкін.
3. Алақаныңыз жиі тершіп, дымданып, болмаса құрғап, бозарып жүрсе, қалқанша без жұмысындағы сырқаттың барынан хабар береді.
4. Қос алақаныңыз қызып жүретін болса, бауырызды дәрігерге тексерткеніңіз абзал.
5. Саусақтарыңыздың ұшы қып-қызыл түске боялса, бауыр мен бүйректегі кеселді аңғартады.
6. Сұқ саусақтың ішкі жағы ақжарғақтанып, терісі түлей берсе, өт қалтасы жұмысының бұзылғанынан хабар береді.
7. Егер сіздің бойыңызда «А» және «D» дәрумендері тапшы болса, қолыңыздың терісі ақжарғақтанады.