- Негізгі бет
- Денсаулық
- Көктем маусымында денсаулыққа...
Көктем маусымында денсаулыққа пайдалы азықтықтар
Көктем мезгілі аурулар оңай қозғалатын маусым. Көктемде күн жылы, жел ағысы баяу болатындықтан бактериа мен вирус сынды микроорганизмдер оңай өсіп-өрбиді. Сондықтан көктемде тұмау сияқты аурулар көп, денсаулығы әлсіз қарттар мен балалар жөнінен алып айтқанда, денсаулықтарына ерекше көңіл бөлгені жөн.
Көктем келгенде бауырында патологиялық өзгеріс туылған адамдарда, әсіресе бас ауру, бас айналу белгілері оңай байқалады. Осы заманғы медицина іліміндеде көктемгі ауарайының өзгерісінен адамдарда қан қысымы жоғарылау, бас ауру, бас айналу, ұйқысыздық сияқты ауру белгілері көрілетіндігі анықталды.
Азық-түлікпен емдеу әдісі
Әр күні банан мен мандариннан 250 де 500 грам немесе 100 грам банан қабығын суға бықтырып, шай орнында тұтыну. Өйткені бананда қан қысымын түсіретін кали йоны бар. Бұдан сырт, үнемі кали құрамы мол лимон, алмұрт, жасыл бұршақ сияқтыларды тұтыну арқылы жоғары қан қысымы ауруынан сақтануға болады және де 500 грам балдыркөкті суға қайнатып, лайықты мөлшерде шекер қосып, шай орнында тұтыну немесе 250 грам балдыркөк пен 10 тал шыланды суға қайнатып, шай орнында ішу керек. Жер жаңғағы дәнін сірке суына шылап, 5 күннен кейін әр күні таңертең аш құрсақта 10 тал жесе, қан қысымды төмендету өнімі көрнекті болады.
Асқазан, сондай-ақ он екі елі ішек ауруы да көктемде оңай қозғалады, сондықтан азықтанғанда құрамында креатин мен пурин сілтісі сияқты заттар мол тауық сорпасы, балық сорпасы, сиыр еті сорпасы және саумалдық, бұршақ тектестер, тітіркендіретін дәмдендіргіштерді тұтынудан сақтану керек, өйткені жоғарыда айтылған азықтықтардың асқазан сөлін ыдырату немесе ішті кептіру ролы күшті болып, асқазан-ішек қызметі ауырлатады. Азық-түлікпен емделу жағында балмен емделу әдісін қолдану. Мұнда балды булап, ашқарында әр күні 100 миллилитрден үшке бөліп ішесіз немесе сиыр сүтінен 250 миллитрді пісіріп, 50 грам бал, 6 грам блетилланы араластырып ішесіз. Бұлардың асқазанды жақсартып, денені қуаттандыру өнімі көрнекті болады.
Қарттардың созылмалы кеңірдекше қабыну ауруы да көктем маусымында қозғалады. Бұл аурудың қозғалуынан сақтану үшін, қақырық түсіретін көкбауырды, бүйректі, өкпені қуаттандыратын азықтықтарды көп жеу керек. Мәселен, мандарин, алмұрт, шамгүл дәні, ләләгүл, шылан, жаңғақ, бал сияқты азықтықтарды тұтыну аурудың асқынуын жеңілдетеді. Тағам неғұрлым қатықсыз болуы, теңіз өнімдері мен майлы заттарды жемеу, ет өнімдерінен гөрі, көкөніс, бұршақ ірімшігі сияқты өнімдерді жеудің әлде қайда ғылми негізі бар. Тітіркендіргіш қасиетке ие қызыл бұрыш, қара бұрыш, усарымсақ сияқты өнімдерді, қант құрамы жоғары, сондай-ақ сүрленген азықтықтарды аз тұтынып, тыныс жолы ауруларының қайтадан қозғалуының алдын алуымыз керек.
Дайындаған: Сұңқар Ақбоз
Сурет: nipic.com
M. Auelkhan