- Негізгі бет
- Денсаулық
- Көкөніс пен жеміс-жидек...
Көкөніс пен жеміс-жидек ұйқыны жақсартады
Ұйқысы бұзылған не түн ұйқысын қайтара алмай жүрген жандарға көкөніс пен жеміс-жидекті көбірек жеу керек. Ол ұйқының жақсаруына көмектеседі. Мичиган университетінің ғалымдары осылай дейді.
Ғалымдардың айтуынша, көкөніс пен жеміс-жидек көп жейтін жастар созылмалы ұйқысыздық дертіне жиі шалдықпайды. Ал аз жеген жандарды ұйқысыздық көп мазалайтын көрінеді. Сондықтан ғалымдардың кеңесіне құлақ түрсек, аптасына үш рет көкөніс пен жеміс-жидек тұтынып, бұл әдетті 3 айға дейін жалғастыру керек. Әсіресе жас қыз-келіншектердің ұйқысы көбірек жақсаратын көрінеді.
Айта кеткен жөн, дәрі-дәрмек нарығында ұйқыны келтіретін, ұйқысыздықтан арылуға көмектесетін түрлі фармацевтикалық өнімдер бар. Алайда мұның ағзаға жанама әсері болуы мүмкін.
Сондықтан ғалымдар дәрі-дәрмектің орнына табиғи ас - жеміс-жидек, көкөніс жеуді ұсынады. Жеміс-жидек пен көкөніс қанды дәрумен, микроэлементтермен байытып, жүрек ауруларының алдын алады. Биологиялық қартаюды баяулатып, иммунитетті күшейтеді.
Қ. Слямбек