Көк көзілдіріктің тәбетке қандай әсері бар?

Көк көзілдіріктің тәбетке қандай әсері бар?
Фото: fainaidea.com

Көк немесе күлгін түстердің адам тәбетін әлсірететін қасиеті бар. Диетологтар мұны ескеріп, көк түсті көзілдірік жасаған. 

Жапон ғалымдарының тәжірибесіне сүйенсек, адам әлемге алқызыл көзілдірікпен қараса, бүкіл дүние позитивке толы, шат-шадыман ортаның әсерін қалыптастырады. Ал егер көк түсті көзілдірік тағып жүрсе, өзін байыпты ұстап әрі заттарға кірпияздықпен қарайтыны анықталған. Бұл құбылыс, әсіресе, диетадағы адамдарға пайдалы екен. Себебі, көк түсті көзілдірікпен тамақтану адам тәбетін басып, артық ауқаттануға деген ынтаны азайтады. 

"Blue shade" деп аталатын бұл көзілдірікпен жапондар тәжірибе жүргізіп, адамның психофизиологиялық күйін бақылаған. Бақылау нәтижесінде адамның гормоналдық жүйесі қалыпты болған, яғни бүкіл өзгеріс табиғи түрде жүрген. Сондықтан әдістің денсаулыққа еш зияны жоқ. 

Осы әдісті ескерген атақты актер Джонни Депп кезекті бір рөліне дайындық кезеңінде көк түсті көзілдірік киіп, өз салмағын қадағалаған. 

Көк түске қатысты біршама әдістер бар. Мысалы, мамандар диетадағы адамдарға тамақты көк түсті ыдыста ішіп, ас үй қабырғаларын көк түске бояуға кеңес берген. Артық салмақпен күресіп жүргендерге бұл – таптырмас айла. 

Massaget.kz