"Кентавр" коронавирусы туралы не белгілі, қаншалықты қауіпті?

"Кентавр" коронавирусы туралы не белгілі, қаншалықты қауіпті?
Фото: EPA

Кентавр (BA.2.75) – коронавирустың омикрон штаммының жаңа кіші түрі. Ол алғаш рет Үндістанда 2022 жылдың мамыр айында табылған. Бүгінде Нидерланды, Германия, Ұлыбритания, АҚШ және Канаданы қоса алғанда, оннан астам елде анықталған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы "бұл вирусты түсіну әлі де шектеулі екенін" айтады. Еуропа аурулардың алдын алу және бақылау орталығы жаңа омикрон кіші түрін "бақылаудағы нұсқа" деп сипаттады.

Вирус жұқпалы және COVID-19-ға қарсы антиденелерге төзімді екені белгілі. Бұл кіші түрдің мутациялары (олардың кейбіреулері S-белокпен байланысты) вирустың тасымалдаушылар арасында тиімдірек таралуына көмектеседі. Өзінің жоғары таралуына қарамастан, BA.2 омикрон штаммы  вирустың «дельта» сияқты бұрынғы нұсқаларына қарағанда ауыр симптомдар мен зардаптарды тудырмайды.

Симптомдары

Оның белгілері Omicron сияқты. Қысқаша айтқанда симптомдары ЖРВИ-ге ұқсайды. Бірақ, оған қоса әлсіздік, түнде терлеу сияқты белгілері болады. Бірақ бұл тек "Кентаврға" тән деп айта алмаймыз. Бұл кез келген коронавирусқа қатысты.

Маман адамдардың көпшілігі коронавирустың басқа нұсқаларымен ауырғандар да  кентаврды жұқтыратынын айтады.

"Біздің денеміз оны әлі де аздап басқа патоген ретінде қабылдайды», - дейді дәрігер Алексей Водовозов.

Т. Раушанұлы