- Негізгі бет
- Денсаулық
- Кеңседе жасалатын жаттығулар...
Кеңседе жасалатын жаттығулар
Жұмыстағы уақыттың көп бөлігін монитор алдында өткізіп, бір орында қимылдамай отырасыз ба? Кеңселік жұмыстың дерті - қимылсыздықпен күресетін кез келді! Жұмыс уақытыңыздан 5 минут бөліп, мынандай жаттығулар жасаңыз.
Мойын
Орныңызда түзу отырып, басыңызды оң жаққа барынша еңкейтіңіз. Сол қолыңызбен басыңызды қарама-қарсы жаққа қарай тартыңыз. Осылайша 30 секунд отырып, басқа жақтан қайталаңыз.
Иек
Басыңызды төмен қаратып, иегіңізді бірінші оң, кейін сол жаққа тартыңыз. Жаттығуды 10 рет қайталаңыз.
Иықтар
Түзу отырып, иықтарыңызды босаңсытыңыз. Басыңызды түзу ұстап, иықтарыңызды айналдыра бастаңыз. 10 рет алға, 10 рет артқа қайталаңыз.
Мойын мен иықтар
Түзу отырып, қолдарыңызды осылайша жоғары көтеріңіз. Арқаңызды түзу ұстай отырып, қолдарыңызды артқа қарай апарыңыз. Осылайша 30 секунд отырыңыз. Жаттығуды 10 рет қайталаңыз.
Қол жаттығулары
Оң қолыңызды түзу, саусақтарын жоғары бағыттап ұстаңыз. Сол қолмен оң қолдың саусақтарын өзіңізге қарай тарта бастаңыз. Осылайша 30 секундқа қатып қалып, жаттығуды басқа қолмен қайталаңыз.
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: realsimple.com, thinkstock
С. А