- Негізгі бет
- Денсаулық
- Кенеден сақтаныңыз! ...
Кенеден сақтаныңыз!
Көктем келіп, тіршілік қайта оянған сайын табиғаттың ажары кіре бастады. Әрине, бұл көзге тартса көзайым болатын мезгіл болғанымен, кері әсерін беретін тұстары бар. Ол табиғаттың өзіне байланысты емес, жәндіктер пайда болып адамға зиян тигізуі. Соның ішінде көктем уақытында тауға демалысқа баратын отбасылар мен жастар көп. Олардың басты жауы – кене.
Кене деген не, олардан қандай қауіп келеді?
Кененің негізгі қорегі – қан. Әсіресе шөп бойымен бірдей жәндіктер, төрт түлік мал осы кененің зиянын көп көреді. Теріге орнығып алған кенені арнайы әрекет жасамай бірден түсіре қою оңай емес. Оның өзі теріден ажырап шығып кету үшін қарын толыққанды тоюы керек. Бұл қаныңызды оған берумен бірдей. Кенелердің зияны тек жануарларға ғана емес, адамға да зор қауіп төндіреді. Тіпті ажалға алып келуі мүмкін.
Үлкен қалада тұратын адамдардың терісі өте сезімтал келеді. Себебі олар химиялық жақпа майды, кремдерді көп пайдаланды. Мұның өзі әсер ететінін ескеріңіз. Қаладан шаршап, табиғат аясына шыққан олар кененің шабуылына ұшырайды. Кенелердің көп түсетін кезі мамыр, маусым айлары.
Кенеден адамға келетін үлкен қауіп – микроп. Олар ағзаға түскеннен кейін қанмен қоректену кезінде түрлі микроптарды денеңізге жібереді. Ал денеге түскен микроптар қан арқылы ең маңызды мүшелерге орнығады. Осыдан келіп айықпас дертке шалдығуыңыз да ғажап емес.
Қалай емделеміз?
Адамның терісіне жабысып қалған кенеден құтылудың түрлі тәсілі бар. Ең бірінші, есіңізде болсын, кенені суырып алуға асықпаңыз. Себебі оның бас бөлігі денеңізде қалып қойса, тіршілігін жалғастыра береді. Ал одан келетін қауіп сіз ойлағаннан екі есе көп. Сондықтан алдымен ыстық нәрсе немесе қыздырылған майды алып сыртынан жағыңыз да, сәл күтіп, қысқышпен қысып алып тастауға болады. Алып тастаған жерді де емдеуді ұмытпаңыз. Себебі ол жерге микроп түсуі мүмкін.
Кенеден сақтану үшін орманға жиі бармаңыз. Табиғат аясына шыққан кезде жан-жағыңызды бақылап отырыңыз. Тіпті арасында өзіңізге де мән беріп, денеңізді бір тексеріп алыңыз. Барынша сақ болыңыз.