Кене шағып алса не істейміз?

Кене шағып алса не істейміз?

Көктем келісімен жастар көкке шығуға асығады. Алайда сол көкте кененің шағып алуы сынды оқыс жағдайлар жиі кездеседі. Кезекті материалымызды кене шағып алған кезде алғашқы көмек көрсету тақырыбына арнаймыз. 

Кене – өрмекші тәрізділер қатарына жататын майда жәндік. Олар адамды шақпас бұрын 3 сағаттан бастап 6 сағатқа дейін зерттейді. Әдетте тізенің ішкі бөлігін, иықтың астын, тобықты, белдің төңірегін шағады. 

1. Кене шағып алғанын байқай салысымен жылы душ қабылдаңыз. Артынша теріге жабысып тұрған кенелерден арылу үшін сабынды пайдаланыңыз. Мұнымен қатар душ терінің тітіркенуін басады.

2. Қышынуды басу үшін атигистаминді немесе кортизолды крем жағыңыз. Орнына суық компресс пайдалануыңызға болады.

3. Қасымаңыз. Кене шаққан жерді міндетті түрде қаситыныңызды білсеңіз, алдын ала қамданыңыз. Ол үшін қышыған жерге инфекция түсірмейтіндей антисептикалық майлар жағып қойыңыз.


Қышынуды басу үшін үйдегі құралдарды пайдалану

1. Кене шаққан жерге тырнаққа жағатын лак тазартатын құралды немесе желім жағыңыз. Әдетте бұл әдісті терінің астында кенені тұншықтыру үшін пайдаланылады деп түсіндіреді. Алайда, бұл - қате. Кене терінің терең қабатына кірмейтіндіктен, оларды алып тастау оңай. Ал лакты тазартатын құрал мен желім бар болғаны терінің зақымдануын азайтады.

2. Бетке жағатын опаның бетіне бірнеше аспирин таблеткасын ұнтақтап салып, оны кене шаққан жерге жағыңыз.

3. Ас содасы мен суды араластырыңыз. Осы ерітіндіні душ қабылдамай тұрып жағыңыз.


4. Кене шаққан жерге арасы 5 сантиметр болатындай етіп шаш кептіргіш құралды (фен) бағыттаңыз. Оны осылай бірнеше секунд бойы ұстап тұрыңыз. Теріңіз ыстықты сезген соң қышыну басылуы тиіс.

Есте сақтаңыз:

1. Кене еш уақытта терінің астына кірмейді. Оларды тазартқыш құралмен немесе спиртпен тұншықтырамын деп ойламаңыз.

2. Кене шаққан кезде киіп жүрген киіміңізді ыстық сумен жуыңыз.

3. Көкке шығар болсаңыз, теріңізді жәндіктерден қорғайтын арнайы кремдер жағып алыңыз.


4. Қышыған жерді қасудың орнына алақаныңызбен қаттырақ ұрыңыз.

5. Кене бар болуы мүмкін жерлерге барарда жеңі мен балағы ұзын киімдер киіңіз. Тіпті, шалбарыңыздың балағын шұлығыңыздың ішіне салып қойсаңыз болады.

Ескерту!

Кенеге қатысты аллергияңыз болса, асқындырып алмай тұрып дәрігерге қаралыңыз.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: wikihow.com, znet.hr

Қ. Бүйенбай