Қазақтан Pfizer вакцинасын жеткізу бойынша келісім жасады

Қазақтан Pfizer вакцинасын жеткізу бойынша келісім жасады
Фото: currency.com

Қазақстандықтар көптен күткен, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған Pfizer вакцинасы күзде елге жеткізілмек. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі екпені сатып алу бойынша алдын ала келісімге қол жеткізді.  

Министрліктің хабарлағандай, америкалық вакцина Қазақстанға 2021 жылы төртінші тоқсанда жеткізілмек.

"2021 жыл наурыздан бастап "Pfizer" компаниясының өкілдерімен Сovid-19 коронавирустық инфекциясына қарсы вакцинаны жеткізу мүмкіндігі туралы келіссөздер рәсімдері басталды. Министрлік пен "Pfizer" компаниясының арасындағы өзара іс-қимыл шеңберінде құпиялылық туралы келісімге қол қойылды", - деп хабарлады министрлік.

Қазір ведомства шетелдік вакцинаны сақтау мен жеткізудің, талаптары орындаудың жолдарын іздестіруде. Тұрақты негізде келіссөздер жүргізіп жатыр.

Айта кеткен жөн, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Pfizer вакцинасын қазақстандықтарға қолжетімді ету қажет деп тапсырма берген еді.

"...Бәлкім кейбір азаматтар дәл осы вакцинаны қабылдағысы келетін шығар. Сондықтан мұндай азаматтарға мүмкіндік беріңіздер. Проблеманы қысқа мерзімде шешіп, Pfizer вакцинасын қазақстандықтарға қолжетімді ету керек", - деген еді президент.

Қ. Слямбек