- Негізгі бет
- Денсаулық
- Қазақстандық вакцинаның қашан...
Қазақстандық вакцинаның қашан дайын болатыны белгілі болды
ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың айтуынша, қазақстандық QazVac (QazCovid-In) вакцинасы маусым айынан бастап шығарыла бастайды.
Оның айтуынша, вакцинаның алғашқы партиясы негізгі хабтарға жеткізілген. Олар Ақтөбе, Алматы, Шымкент және Нұр-Сұлтан қалаларында орналасқан.
"Мамыр айында тағы 50 мың доза шығарылады. Одан кейін оның көлемі 100 мыңға жеткізіледі. Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты вакцинаны өте көп мөлшерде шығаруға қауқарсыз. Олар 500 мың доза мөлшерінде шығара алмайды. Сондықтан өндіріс үшін қосымша алаң дайындап қойдық. Бірақ аталған институттың базасында вакцинаны дайындауға, өндіруге қажетті субстанция дайындалады. Субстанциядан бал-өнім әзірленеді. Ал бал-өнім негізінде вакцинаны одан ары құю жүргізіледі. Сондықтан маусым айынан бастап үлкен өндіріске, айына 500 мың доза шығарылатын болады", - деп түсіндірді премьер-министрдің орынбасары Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.
Қ. Слямбек