- Негізгі бет
- Денсаулық
- Қазақстанда жүкті әйелдерге...
Қазақстанда жүкті әйелдерге вакцина егуге рұқсат беріле ме?
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ресейде жүкті әйелдерге егуге рұқсат етілген Sputnik V вакцинасын еліміздегі жүкті әйелдерге коронавирусқа қарсы егуге бола ма деген сұраққа жауап берді.
Санитар-эпидемиология бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаевтың айтуынша, департамент жүкті әйелдерге коронавирусқа қарсы вакцинация егуге рұқсат беру мәселесін қарастырып жатқан жоқ.
"Біз Ресейде вакцинациялауға рұқсат берілгенін білеміз, бірақ әзірлеуші Қазақстанға тиісті ұсыныстар жібермеген. Осылайша, жүкті әйелдерге "Sputnik V-ті" Қазақстанда егуге әлі рұқсат етілген жоқ", - деді Байтанаев.
Еске салайық, Ресейде жүкті әйелдерге "Sputnik V" вакцинасын егуге рұқсат етілген. Бұл шешім вакцинаның қауіпсіздігін клиникаға дейінгі зерттеулердің оң нәтижелерін, клиникалық зерттеулер мен тіркеуден кейінгі кезеңдегі тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы жинақталған деректерді ескере отырып қабылданды.
Бұған дейін вакцинация Қазақстандағы қызметкерлер үшін міндеттелген болатын.
Т. Раушанұлы