- Негізгі бет
- Денсаулық
- Қазақстанда дәрігерлік тексеру...
Қазақстанда дәрігерлік тексеру тегін болуы мүмкін
Қазақстандық депутаттар елдегі медициналық тексеруді тегін етуді ұсынды.
Бұл ойды мәжілістің кезекті отырысында "Халықтық коммунисттер" фракциясының депутаттары білдірді. Олар осылайша еңбек және әлеуметтік қорғау министрі мен денсаулық сақтау министрлігінің басшысына сауал тастады.
"Қазіргі заңнамаға сәйкес, белгілі период сайын міндетті түрде өткізілетін медициналық тексерулердің ақысын төлеу жұмыс берушінің мойнына жүктелген. Дегенмен жұмысқа орналасар кездегі тексерулердің ақысын жеке тұлғаның өзі төлейді. Осы проблеманы біржақты қылу керек", - деді депутат Тұрсынбек Өмірзақов.
Оның айтуынша, көптеген жұмыс беруші орындар қызметкерді қабылдамас бұрын медициналық анықтама талап етеді. Осы орайда халыққа жеңілдік болуы үшін бұл тексерулерді тегін қылған жөн болатындығын айтты Өмірзақов.
"Жұмысы жоқ адамда ақша қайдан болсын? Сондықтан мемлекет тарапынан қолдау болуы керек", - дейді шенеунік.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: yaper.ru