- Негізгі бет
- Денсаулық
- Қай тамақ қанша...
Қай тамақ қанша уақыт қорытылады?
Арықтауға ниеті бар қыздардың құлағына алтын сырға! Жаңа, жеңіл диетамен таныс болыңыздар.
Бұл тәсілдің басты ұстанымы мынандай. Асқазандағы тағам толықтай қорытылып болмағанша, басқа тамақ жемеу. Нәтижесінде сіз шамадан тыс артық тамақ жемейсіз. Айта кетсек, бұл әдіс арықтауды тездетіп қана қоймай, асқорыту жүйесін толықтай тазалап, жұмысын ретке келтіреді екен. Осы диетаны ұстанған адамның асқазаны уақыт өте кішірейеді, ал тамақты артық жемеу әдеті сақталып қалады.
Сонымен түрлі тағамның қанша уақытта қорытылатынын біліп жүріңіздер.
1-2 сағат
су, шай, кофе, какао, сорпа, сүт, піскен жұмыртқа, күріш, піскен балық еті.
2-3 сағат
қуырылған жұмыртқа, піскен майлы балық еті, піскен картоп, нан.
3-4 сағат
піскен тауық не сиыр еті, қара бидай наны, алма, сәбіз, көкөніс түрлері, қуырылған картоп.
4-5 сағат
бұршақ түрлері, қуырылған ет, майға қуырылған балық не тауық еті.
5-6 сағат
саңырауқұлақтар, майлы ет.
Ұйқыға аш қарынмен жатуды әдетке айналдырыңыз. Ең дұрысы ұйқыға 3-4 сағат қалғаннан кейін мүлдем тамақтанбау.
Г. Берік