- Негізгі бет
- Денсаулық
- Қай қан тобының...
Қай қан тобының иммунитеті жоғары?
Ғалымдар қай қан тобының иммунитеті күшті екенін анықтады. Олардың зерттеуіне сәйкес, IV қан тобының иелері ең күшті иммунитетке ие.
Сарапшылар қан тобы адам ағзасының вирус инфекциясы кезінде интерферон түзуге әсер етеді деген қорытындыға келді. Бұл иммун жүйесіне тікелей байланысты. Интерферондар – бұл ағзаларға вирустардың, бактериялық заттардың және төмен молекулалық химиялық қосылыстардың түсуіне жауап ретінде түзілетін белоктар.
Ғалымдар IV қан тобындағы адамдар интерферон түзілуі жағынан ең мықты екенін анықтады. Осы қан тобына жататындардың тоқсан екі пайызы денеде осы ақуыздың көп мөлшерін өндіретіні мәлім болған.
Жоғары көрсеткіш I қан тобында 80 пайыз, ал, III қан тобында 91 пайыз нәтижені көрсеткен.
II топтағы тасымалдаушылардың 40 пайызында интерферон түзілуінің деңгейі төмен болған. Демек, бұл қан тобына ие адамдар жұқпалы ауруларға бейім келеді.
Айта кетейік, бұған дейін қытайлық ғалымдар коронавирус жұқтырған адамдардың көпшілігінде иммунитетті қалпына келтіру проблемалары болуы мүмкін деген қорытынды жасаған. Осы адамдардың кейбірінде қандағы лимфоциттердің төмендегені байқалған.
Т. Раушанұлы