- Негізгі бет
- Денсаулық
- Қай қабаттағы пәтерлер...
Қай қабаттағы пәтерлер денсаулыққа зиян?
Терапевт Юлия Коваленко "Доктор Питер" порталына қай қабаттағы пәтерлер тұрғындар денсаулығына жағымсыз әсер етуі мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Маманның айтуынша, бірінші қабаттарда тұратын адамдар жиі өкпе жүйесі ауруларымен және төмен иммунитетпен қиналады. Ал жоғары қабатта өмір сүргенді ұнататындар мазасыз ауытқулар, бас ауруы, тұрақсыз артериялық қысымға шалдығады.
Маман бірінші немесе екінші қабатта тұру жертөленің жақын орналасуынан қауіпті болуы мүмкін деп түсіндірді. Әдетте, жертөлелерді зең басады. Оған қоса, үйдің қасына келіп тұрған көліктер қозғалтқыштарының қызып кетуі немесе тасжолдан шығатын түтіндер, ыстық күндері асфальттағы шаң және булану денсаулыққа әсер етуі мүмкін. Нәтижесінде, бірінші қабаттарда тұратын адамдар ағзасында көміртек тотығы, альдегидтер, күкірт, ауыр металдар жиналады.
"Бұл өкпе жүйесі аурулары, ЛОР-органдарының созылмалы аурулары, вазомоторлық ринит және тіпті, тыныс демікпесіне әкелуі мүмкін. Оған қоса, бірінші қабаттағы өмір иммунитетті әлсіретуі мүмкін, соның себебінен адам респираторлық жұқпалармен ұзағырақ ауырады және әлсіздікпен жиі қиналуы мүмкін", - деп түсіндірді терапевт.
Діргердің айтуынша, жоғарғы қабаттар да қауіпсіз емес. Жетінші қабаттан жоғары қабаттар өнеркәсіптік түтін себебінен қауіпті. Өте жоғарғы қабаттар – жиырма бесінші қабаттан жоғары жерлер – кондициялау жүйесінің ерекшелігі үшін зиян болуы мүмкін. Мұндай пәтерлерде, әдетте, ауа құрғақ келеді. Сондай-ақ жоғарғы қабаттарда атмосфералық қысым көтеріліп кетеді.
"Бұл факторлар денсаулыққа қатысты көптеген проблемалар туғызуы мүмкін: паникалық шабуыл, ұйқысыздық, мазасыз ауытқулар, бас ауруы, ЛОР-органдары аурулары", - дейді дәрігер.
Маманның айтуынша, денсаулыққа қолайлы жер – 3-ші және 7-ші қабат арасы.
А. Жапатова