- Негізгі бет
- Денсаулық
- Қай дәрумен қай...
Қай дәрумен қай тағамда болады?
Ағзамызға С дәрумені жетіспейді, РР дәрумені жетіспейді деген сөздерді жиі естиміз. Ал жеткіліксіз дәруменді толықтыру үшін қандай тағамдар тұтыну керегін білеміз бе? Білмесек, оқиық.
А дәрумені – сәбіз, цитрусты өсімдіктер, кілегей майы, сыр, жұмыртқа.
В1 – жаңғақ, сұлы (овес).
В2 – соя бұршағы, брокколи орамжапырағы, жұмыртқа сарысы, сыр.
В5 – бұршақ, күріш, саңырауқұлақ, бауыр, ет өнімдері.
В6 – жұмыртқа, балық, бауыр, сүт.
В9 – апельсин, банан, ет, жұмыртқа, жаңғақ.
В12 – теңіз тағамдары, уылдырық, бауыр, сүт, сүзбе, балық, ет, жұмыртқа, сыр.
D – сүт, жұмыртқа, балықтың майлы сорттары, нәлім балығының бауыры.
Е – күнбағыс майы, зәйтүн майы, бұршақ.
К – көк шөптер, түрлі түсті орамжапырақ, бидай жармасы, саумалдық (шпинат).
Н – бауыр, жұмыртқа ақуызы.
РР – бауыр, балық, сүт, жасыл көкөністер, дрожь, ет, тауық еті, сыр, жаңғақ.
Байқағанымыздай, ет, сыр, жұмыртқа, бауыр тағамдары дәруменге бай екен. Тамақты талғап, денсаулыққа пайдалысын жейік.
@. @assel_assanova