- Негізгі бет
- Денсаулық
- Қатерлі ісіктің алдын...
Қатерлі ісіктің алдын алу
Бүкiләлемдiк қатерлі ісікпен күресу күні қарсаңында елімізде онкоаурудың алдын алу бойынша скрининг жүргiзiледi. Қазақстанда жыл сайын 30 мыңға жуық адамға қатерлі ісік диагнозы қойылады екен. Медиктер онкоауруды дер кезінде анықтау үшiн скрининг тексеруден өтуге табанды кеңес бередi.
Жыл сайын 4 ақпан - Бүкіләлемдік қатерлі ісік ауруына қарсы күрес күні. Қазақстанда өлiм-жiтiм бойынша онкоауру жүрек-тамыр ауруынан кейін екiншi орында тұр. Медиктердің айтуы бойынша, қатерлі ісік бастапқы кезеңінде толық емделеді. 10 жылдан бері республика бойынша онкоаурулардың алдын алу бойынша түрлі шаралар жүргізіліп келеді.
Әлемде жыл сайын 12 миллионға жуық адам бұл қауіпті ауруға шалдығады, олардың 7 миллионы осы дерттен көз жұмады. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, 2020 жылы онкоаурумен аурып, қайтыс болу көрсеткіші екi есе ұлғаяды. Қатерлі ісікті бастапқы кезеңінде анықтау аса маңызды. Соған орай, елімізде 1 ақпаннан бастап 10 күн бойы онкоауруларды анықтау бойынша профилактика декадасы өтеді. Ендi кез келген адам өз мекен-жайы бойынша емханада скрининг тексеруден тегiн өте ала алады.
Сурет medsputnik.ru сайтынан алынған