- Негізгі бет
- Денсаулық
- Қатерлі ісіктен сақтайтын...
Қатерлі ісіктен сақтайтын сусын
Күніне екі шыны кофе ішкен адам бауыр қатерлі ісігінен аман болмақ. Мұндай тұжырымға келген – австралия ғалымдар.
MedicalXpress медицина порталында жарияланған зерттеуде ғалымдар күніне екі не үш шыны кофе ішкен адамның бауыр қатерлі ісігіне шалдығу қаупі 38 пайызға азаятынын айтады. Ал төрт шыны ішкендердің қатерлі ауруға шалдығуы 41 пайызға дейін төмендейді екен.
Зерттеу тобы 2016 жылы бауыр қатерлі ісігіне шалдыққандардың статистикалық деректерін талдап, қайтыс болған 240 мың адамның ішіп-жем мәліметтерін салыстырған көрінеді. Ғалымдар науқастардың кофе ішу әдетін де ескерген екен.
Зерттеу нәтижесінде жасалған мәліметтер үлгісі көрсеткендей, кофе жиі ішетін адамдардың бауыр қатерлі ісігінен алшақ болатыны анықталды. Ғалымдардың есебінше, егер адамдар күніне кем дегенде, екі шыны кофе ішкенде, бауыр ісігіне шалдыққандардың арасынан 452 861 науқасты аман алып қалуға болар еді. Ал күніне төрт шыны кофе ішкенде, 723 287 адам аман қалады деген сенімде.
Сондықтан ғалымдар ауруханалар мен емханалардың тамақ рационына кофе қосу керек деген ойға келген.
Қ. Слямбек