- Негізгі бет
- Денсаулық
- Қатерлі ісікке шалдыққыңыз...
Қатерлі ісікке шалдыққыңыз келсе, "Соса-Сola" ішіңіз
Бирмингем (Ұлыбритания) университетінің ғалымдары жақында газды сусынға байланысты үлкен жаңалық ашты. Олардың айтуынша, қарапайым және диеталық Сola-ның тіске тигізер зияны ұшан-теңіз. Түсін қарайтып қана қоймай, тіс эмалін айтарлықтай әлсіретеді дейді. Егер тіс дәрігерін жиі көргіңіз келмесе, Сola-ны қойып, су ішкеніңіз абзал.
Газды сусын қартайтады
Калифорния штаты (АҚШ) ғалымдарының зерттеуіне сүйенсек, егер күніне екі құты "Сola" ішетін болсаңыз, пайдаланған иісмайларыңыз бен лосьондарыңыз тері қартаюының алдын ала алмайды. Бұл теломердің (хромосома бөлігі) қысқаруымен байланысты. Теломер қысқарса, жасушалардың қайта қалпына келуі қиындайды. Нәтижесінде, 4,6 есе тез қартаяды.
Газды сусын бауыр жұмысын "бұзады"
Бауырдың негізгі қас жауы алкогольді сусын екені белгілі. Бірақ зияны жағынан газды сусын да қалыспайды екен. Бұл туралы The Journal of Hepatology басылымы хабарлаған болатын. Ішкен Fanta-ңыздағы фруктоза (жеміс шырыны) бірден бауырыңызға жол тартып, аяғы аса қауіпті беріш (цирроз) дертіне алып келетін май ауруларына шалдықтырады.
Газды сусын еңбегіңізді еш етеді
Жаттығу залына жұмсаған уақытыңыз бен еңбегіңіз еш нәтижесін бермей жатса, яғни бұлшықеттеріңіз өзгеріссіз қала берсе, газды сусын ішу себебінен екенін бірден түсініңіз. Әсіресе, жаттығу алдында газдалған су ішер болсаңыз, шынығып жүргеніңіз бір тиын. Бұл бағытта Лондондағы Ройал Фри емханасы зерттеу жүргізген. Нәтижесінде, "Сola" құрамындағы көмірқышқыл газы асқазаныңызға жайылып, оны "керіп" тұрады. Егер дер кезінде Сola-мен қош айтыспасаңыз, ішек-қарын жолы бұзылып, аса қауіпті ішек ауруларына шалдығуыңыз мүмкін.
Газды сусын қатерлі ісікке жол бастайды
Егер осыған дейін бой сергіту үшін тәтті газды сусынды пайдалансаңыз, дәл қазірден бастап, бұл жаман әдеттен арылғаныңыз жөн. Тәттіні емес, денсаулықты ойлайтын уақыт келген сияқты. American Journal of Clinical Nutrition журналында жарияланған білікті мамандардың 15 жылдық зерттеуінің нәтижесі талай адамға ой салды. 15 жылдық еңбек "Қатерлі ісікке шалдығу қаупі бірден 40 пайызға артсын десеңіз, күніне 1 құты "Сola" ішіп отырыңыз" дейді.
Байқағаныңыздай газдалған сусынның пайдасынан зияны көп. Сондықтан, оны сүттен жасалған коктейль, жеміс-жидек пен көкөніс шырын, газдалмаған минералды суға алмастырғаныңыз жөн.