- Негізгі бет
- Денсаулық
- Қанның қою немесе...
Қанның қою немесе сұйық болуы неге байланысты?
Біздің қанымыз – сұйық және қозғалмалы тін. Ол ағзадағы кез келген өзгерістерге өзінің түсін және тығыздығын өзгерту арқылы әсер береді. Оның жағдайы неге байланысты және сұйық немесе қою қан қандай аурулар жайлы белгі беруі мүмкін. Бұл туралы мамандар Doctorpiter.ru порталына жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сіз қандай да бір себеппен медициналық көмекке жүгінген кезде дәрігерлер ең алдымен жалпы қан анализін тапсыруға жібереді. Бұл оларға диагноз қою кезінде қателеспеуге қажет. Желіде қою және сұйық қан деген түсініктерді кездестіруге болады. Ол нені білдіреді?
Хирург Кирилл Ювченко қанның өте сұйық болуы несімен қауіпті екенін түсіндірді.
"Егер онда су көп болса, қан сұйық болып кетеді. Нақты шекке дейін оның еш зияны жоқ, бірақ одан асып кетсе, ол ісіндіріп, қысымның көтеріліп кетуіне ықпал етуі мүмкін.
Бірақ егер адам көп қан жоғалтса және оның орнын толықтыру үшін оған электролитті ерітінді енгізсе, ол бір сәтте өте сұйылтылған болып кетуі мүмкін. Мұндай кезде жаппай қан кету болып, адам өліп кетуі де мүмкін", - деді дәрігер.
Науқастың өмірін сақтап қалу үшін қан қатты кеткен жағдайда кейде дәрігерлер электролитті ерітінді енгізуді тоқтатады да, тепе-теңдікті сақтап қалу үшін қан компоненттерін құяды.
Қанның сұйық немесе қою екенін көзбен қарап айту мүмкін емес. Оны анықтау үшін қан анализін тапсыру керек. Оның нәтижесінен гематокрит көрсеткішін қарайды. Ол қаншалықты төмен болса, қан соншалықты сұйық болғаны.
Егер гематокрит көрсеткіші жоғары болса, қанды қою деп атайды. Ол ағзаға су жетіспеген кезде қоюланып кетеді.
А. Жапатова"Қан қою болса, оның қантамырлар арқылы қозғалуы қиындай түседі. Ол тіндерді қоректік заттармен және оттекпен нашар қамтамасыз етеді. Сол үшін қанның ұйып қалу қаупі артады. Ағзаға судың жетіспейтінін теріге қарап білуге болады: оның тонусы әлсіреп кетеді, әжімдер ерте пайда болады, саусақтардың басы тыржиған болуы мүмкін", - деді хирург.