- Негізгі бет
- Денсаулық
- Қанды қоюлатып жіберетін...
Қанды қоюлатып жіберетін 4 сусын
Адамның денсаулығы ішкен асына байланысты. "Ауру – астан" деген содан қалған.
Мәселен, қанты көп сусындар қандағы тромбоциттер көбейтіп, соның кесірінен адам түрлі қан-жүрек ауруларына шалдығуы мүмкін. Тәтті суындар қанда "жаман холестериннің" көбейіп кетуіне де себеп. Содан тромб пен холестерин көбейсе, қан қоюланып, дұрыс айналмай, жүрек қанды айналдыра алмай, ағзаға үлкен ақау түседі.
Оның алдын алудың жолы оңай.
Мамандардың айтуынша, ол үшін мына төрт түрлі сусынды ішуді доғару керек:
- Газдалған сусындар
- Сапасыз жеміс сусындары (қан қосылған, жемістің өзі жоқ)
- Энергетик сусындар
- Арақ, ішіне жеміс салынып ашытылған арақ
Қант – қанның ұюына, липопротеиннің көбейіп, оның қышқылданып кетуіне себеп болатын өнім. "Атеросклерозға әкелетін себептің бірі де – осы қант" дейді мамандар.
Қ. Слямбек