Қан қысымын түсіру үшін қандай жаттығу жасаған дұрыс?

Қан қысымын түсірудің бірден-бір жолы – созылу. Канада ғалымдары осындай тұжырымға келді, деп жазады  Journal of Physical Activity and Health ғылыми журналы.

Зерттеу жүргізген ғалымдар гипертонияға шалдыққан адамдарға көп жаяу жүру керегін, велосипед теуіп, шаңғымен сырғанау қажет екенін айтады. Сонда қандағы холестерин мен қанттың мөлшері төмендеп, қан айналымы жақсарады.

Ал қан қысымы жоғары адамдарға үйде отырып жасауға ыңғайлы ең тиімді дене жаттығу – ол созылу мен керілу. Яғни, денені созу. Мұндай жаттығуға көп уақыт кетпейді әрі кино көріп отырып-ақ жасауға болады.

"Бұлшық етті созған кезде, оған қоректік заттар таситын қан тамыры да созылып, икемге келеді. Ал күнде созу жаттығуларын жасаған адамның қан тамырлары да жұмсарып, иілгіш бола бастайды. Сонда қан айналымы да жақсарады", - деп түсіндіреді ғалымдар.