- Негізгі бет
- Денсаулық
- Қан қысымын түсіретін...
Қан қысымын түсіретін қолжетімді жеміс не?
Мамандардың айтуынша, қан қысымын түсіретін, пайдалы көкөністердің бірі кәдімгі – қызылша. Көкөністің әсіресе жүрек-қан жүйесін жақсартуға, қан тамырындағы патологиялардың алдын алуға көмегі көп деседі.
Қызылша қалай қан қысымын түсіруге көмектеседі дегенге жауап мынадай.
Қызылшаның құрамында флавоноид атты заттар болады. Оның жақсы бір қасиеті – қан тамырын бітеп тастайтын "жаман" холестеринді ағзадан шығаратыны.
Ал қызылшаның құрамындағы пектин атты зат өттегі холестеринді шығарып тастауға, сол арқылы инфаркт пен инсульттің алдын алуға көмектесетін көрінеді.
Қызылшадан жасалған шырынның да қан қысымын түсіруге пайдасы бар. Қызылша шырындағы азот оксиді қан тамырының босап, барынша кеңеюіне, сол арқылы қан айналымын жақсартуға септігін тигізеді. Бір ыстақан немесе 250 мл қызылша шырынын ішсеңіз болғаны – екі-үш сағаттан кейін қан қысымы түсіп, ағзаның жағдайы жақсарады.
Бірақ мамандардың бір ескертуі бар: гипертонияға шалдыққан жандардың қызылша шырынын ішу нормасын дәрігермен ақылдасып келіскені жөн.
Қанда холестерин көбейіп кетсе не істеу керек?
Қ. Слямбек