- Негізгі бет
- Денсаулық
- Қан анализінің нәтижесін...
Қан анализінің нәтижесін оқи білу
Қан өте көп дерттің асқынуын көрсете алады. Бұл мақалада ең маңызды үш көрсеткішті қарастырайық.
- Гемоглобин
Гемоглобин қанның қызыл жасушалары – эритроциттер құрамында болады. Эритроцит оттегіні өкпеден бұлшықет тарамдарына жеткізіп, ал бұлшықет тарамдарынан көмірқышқыл газын алып, өкпеге апарады. Бұл гем деп аталатын ерекше ақуыздың көмегімен жүзеге асады. Гемге оттегі молекуласы қосылады. Ол – гемоглобин бөлігі. Егер ағзада гемоглобин деңгейі аз болса, адам бұлшықет тарамдары мен ішкі органдары оттегі тапшылығына душар болады.
Қалыпты гемоглобин мөлшері
- Әйелдерде – 120-140 г/л;
- ерлерде – 135-160 г/л.
Құрамында гемоглобин бар азық-түліктер:
- бауыр;
- ет.
- Эритроциттердің тұну жылдамдығы (СОЭ)
Эритроциттердің тұну жылдамдығы ағзада қабынудың бар-жоқтығын анықтайды. Бұл көрсеткіштің жоғарылауынан дәрігер науқаста қабыну процесі басталғанын біледі. Ағза сау болса, эритроциттер теріс зарядтарының арқасында бір-бірінен тебініп, соның арқасында жабыспай, қан құрамында жылжиды. Адам сырқаттанғанда, эритроциттер заряды ауысып, бір-біріне жабысып қалады. Сондықтан анализ нәтижесі оның тез тұнып, жылдамдық көрсеткішінің жоғарылауын көрсетеді.
Эритроциттердің тұну жылдамдығының қалыпты көрсетіші
- Әйелдерде – 2-15 мм/с;
- ерлерде – 1-10 мм/с.
Әйелдердің етеккірі кезінде эритроциттердің тұну жылдамдығы 40 мм/с-қа дейін көтерілуі мүмкін. Ал жүктілік кезінде 25 мм/с-қа дейін барады. Бұл дәл осы кезеңге қалыпты көрсеткіш деп есептеледі.
- Қанның жалпы ақуызы
Ақуыз – ішкі орган мен бұлшықет тарамдарының құрылыс материалы. Сонымен қатар, ағзаның қорғаныс қызметіне қажет. Ақуыз қан ағымына суды тартып, сол жерде ұстап тұрады. Қан құрамындағы ақуыз азайса, сұйықтық тамырдан бұлшықетке өтіп кетеді.
Жалпы ақуыздың қалыпты мөлшері
Ерлер мен әйелдерде – 64-83 г/л.
Ақуызға бай азық-түліктер:
- ет;
- жұмыртқа;
- балық;
- теңіз тағамдары.
Қанның жалпы ақуыз көрсеткіші ақуыздың нашар сіңуінен не бауыр ауруы салдарынан ақуыздың көптеп жоғалуынан төмендеуі мүмкін.
Сурет: zdorovieinfo.ru