Жылы әлде салқын: Қай суды ішкен дұрыс?

Жылы әлде салқын: Қай суды ішкен дұрыс?
Фото: gorodokboxing.com

Су асқазан жұмысы мен қан айналымын жақсартатын, калория игеруге көмектесетін өмір нәрі. Су ішкен жақсы, әрине. Бірақ суықтай ішкен жөн бе әлде ыстықтай ма?

Мамандардың айтуынша, адам ағзасы үшін ең дұрысы суды жылылай ішу. Шамамен, адамның тұрақты дене температурасымен тең 36 градус шамасындағы су – ең дұрысы.

Жылы су тез қорытылады. Ал шөлдеген адамға суды жылылай ішкеннің пайдасы көбірек. Өйткені қан сусыраған кезде жылы су тез қорытылады қанды тезірек сұйылтады. Яғни, су қанға тез жетеді. Ал жылы сумен бірге қан тамыры кеңейіп, бұлқышет босаңсиды. Онымен бірге адамның психикалық күйі де тез жақсарады.

Іш өткенде жылы су ішкен жөн. Майлы тағамнан кейін жылы су ішкен жақсы, өйткені майды тез қорытуға көмектеседі.

Салқын судың пайдасы бар. Әсіресе, арықтауға тигізер пайдасы зор. Өйткені салқын суды қорыту үшін асқазан қосымша энергия мен калория жұмсайды да, соның есебінен денедегі майдың сылынуына көмектеседі.

Ал асқазаны қыжылдаған немесе ішек жолы ауруы ушыққан адам жылы су ішкені дұрыс.

Қ. Слямбек