- Негізгі бет
- Денсаулық
- Жуынуға арналған люфа...
Жуынуға арналған люфа жөкесі денемізге бактерия тасымалдайды
Корнель университеті ғалымдарының еңбектері клиникалық микробиология журналында жарияланады. Олар кезекті бір зерттеуінде люфадан жасалған жөкеде синегнойлы таяқша мен стафилококк болатындығын анықтады. Осыған сәйкес оны қолданбауға кеңес береді.
Адамның терісінде люфаның белгілі бір бөліктері қалып, бактериялардың нағыз қорегіне айналады. Нәтижесінде белсенділікке ие болған бактериялар денеміздегі микро сызаттардың ішіне кіреді.
Дәл осындай жағдай болмас үшін медбикелер оны қолданып болған соң жақсылап жуып, кептіруді ұсынады. Кептіру үшін микротолқынды пешке 20 секундқа салып қою керек. Люфа ваннада тұрған кезде түсін өзгертсе, бірден қоқысқа тастаңыз.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: admin.ru
Қ. Бүйенбай