- Негізгі бет
- Денсаулық
- Жусанның дәрілік қасиеті...
Жусанның дәрілік қасиеті
Жусан дүниежүзіндегі ең ащы өсімдік, сондықтан халық оны барлық ащы нәрсенің теңеуіне қолданады.
Жусанның ащы дәміне байланысты халық бұл өсімдік қасірет-қайғының барлық ащы-тұщысын өз бойына жинаған, сондықтан жусанды адам аурудан сауықтыратын және жанды жай таптыратын екі қасиеті бар деп ұққан.
Дәрі жасау үшін жусанның гүл шығаратын сабақ ұштары мен жапырақтарын жинайды. Кейбір жапырақтары гүлдер алдында гүлдеп тұрғанда 25 сантиметрге дейін кесіп алынады. Жусанның жапырақсыз сабақтары да мамыр, маусым айларында жиналады.
Жусанның дәрілік түрлерінен дәріге жарамайтын түрлерін ажырату оп-оңай. Дәріге жарамайтын жапырақтардың астыңғы беті күмістей жалтырап тұрады да, үсті қоңыр, жасыл болады.
Жусанда абсинтин және анабсинтин дейтін екі түрлі ащы глюкозид, С витамині, аздаған тері илерлік заттар, 0,5% эфир майы болады. Майының түсі жасыл, көк, улы келеді.
Жусанның фироцидтік қасиеті бар. Оның ерітіндісін езінді не шай ерітіндісі түрінде тәбет ашу үшін және асқазанның жұмысын жақсарту үшін ішеді. Жусан дәрілерін дәрігердің ұйғаруымен ғана ішу керек.
ХVII ғасырда Ресейде жусанның шырынын жараларды тазалап, тез жазу үшін пайдаланған. Жусан шырынына малынған орамалдармен жараны ертенді-кеш таңып отырған.
Халық арасында жусанды қайнатып ұстамалы қызбаға, ішекке газ жиналғанда, клизма ретінде ішек құртын түсіруге компресс қойып жарақаттарды емдеуге қолданған. Жусан көбінесе шалфей, жалбыз шөптері мен күнбағыс жапырақтарына араластырылып, адам ұстамалы қызба ауруына душар болған кезінде пайдаланылады.
Фармацевт Сәлкен Субханбердин
Қ. Слямбек