- Негізгі бет
- Денсаулық
- Жүрекке пайдалы жеміс-жидектер...
Жүрекке пайдалы жеміс-жидектер
Қазіргі таңда жер бетінде жүрек-қан тамырлары кеселіне шалдыққан адамдардың саны жыл санап артып келеді. Жүрек-қан тамыр жүйесінің аурулары ең алдымен жүйкелік-психикалық ширығудың негізінде пайда болады екен. Осыған орай, олардың алдын-алу, емдеу мақсатындағы дәрілерден өзге жеміс-жидектердің де маңызы жоғары екенін айта кеткенді жөн көріп отырмыз.
Жүрекке пайдалы жемістер холестериндегі блокиратор қызметін атқарады және қан қысымын төмендетеді. Оларды үнемі пайдалану – денсаулығыңыздың қалыпты болуына септігін тигізеді.
Адам жүрегіне пайдалы жемістердің бірі – анар. Оның құрамы «с» дәрумені мен калийге бай. Сондықтан оның шырыны жүрек жұмысын жақсартады. Жүрек ауруларының алдын алуға, көк тамырлардың қызметіне шипасы мол.
Киви де жүрекке пайдалы жемістердің қатарына жатады. Үнемі бұл жемісті жеп тұрсаңыз, жүрек пен көз ауруы түрлеріне шалдықпайсыз. Бастысы киви қанның ұюын болдырмайды, және ұйыған қанды ерітетін қасиетке ие. Оның құрамында да «с» дәруменімен қоса пайдалы элементтер бар.
Жүрек-қан тамырлары ауруына аса пайдалы жемістің бірі – құлпынай. Оның шырыны қан қысымын төмендетіп, жүрек соғысын жақсартады екен.
Апельсиннің де жүрек ауруларына шипасы мол. Жүректің қалыпты қанайналымының бұзылмауына септігін тигізетін дәрумендерге бай.
Жүрек-қантамыр жүйесі мен қан қысымы дертіне пайдалы жемістің бірі – қара қарақат. Оны үнемі жеп тұру – жүрек соғысын жақсартуға сеп болады.
Шабдалының да қан қысымының көтерілу кезінде тигізер пайдасы мол. Жүрек-қан тамырлары ауруына шипа болар жемістердің бірі.
Алманың денсаулыққа пайдалы тұстары орасан. Сонымен қатар, жүрек ауруын емдеу кезінде жеуге ұсынылатын басты жемістердің бірі. Тәулігіне 300-400 грамм алма жеу – қан қысымының қалыпты болуына жағдай жасайды. Тағы бір айта кететіні, алма артық салмақ тастауға да көмектеседі.
Өріктің өзінен гөрі дәнегі денсаулыққа пайдалырақ. Оның құрамындағы калий жүрек бұлшықеттерінің қызметін жақсартады. Өрікті дәрігерлер жүрек жұмысын жақсарту мен шаршауды басу үшін жеуге кеңес береді.
Жүзім мен оның шырынын ішу – жүрек бұлшықетінің қызметін жақсартып, қанды көбейтеді. Қан қысымы көтерілуінің алдын алатын дәрумендерге де бай.
Сурет: sroki.net
О. Сансызбай