- Негізгі бет
- Денсаулық
- Жүрек қан тамырлары...
Жүрек қан тамырлары аурулары туралы біле жүріңіз
Күнделікті тұрмыста аурудың сан-алуан түрін кезіктіруге болады. Бірі жазылса, екіншісі айықпас дертке айналады. Солардың бірі жүрек қан тамырлары ауры жиі кездеседі. Кезекті материалымызда бұл ауру туралы мәлімет беріп, негізгі белгілерін анықтауды жөн көрдік.
Жүрек қан тамыры ауруларына қатысты негізгі фактілер
– Жүрек қан тамырлары ауруы әлем бойынша өлім санын арттырып, жыл сайын осы ауруға шалдығатын адамдар қатары жылдам өсуде;
– 2008 жылы жүргізілген санақ бойынша, жүрек қан тамырлары ауруынан әлемде 17,3 миллион адам қайтыс болған. Бұл жер шары халқының 30%-ын құрайды. 7,3 миллион адам ишемиялық аурудан, және 6,2 миллион адам инсульттің нәтижесінде қайтыс болған;
– Бұл ауру көбінесе халқының жалақысы аз мемлекеттерде жиі кездеседі;
– Ғалымдардың болжауынша, 2030 жылы осы аурудан 23,3 миллион адам көз жұмады;
– Онымен табак өнімдерінен бас тарту, дұрыс тамақтану, майсыз тағамдарды тұтыну, физикалық белсенділікті арттыру, қан қысымын төмендету, диабеттен сақтану және липидтердің деңгейін төмендету арқылы күресуге болады;
– Жыл сайын 9,4 миллион өлімнің 16,5%-ына қан қысымының көтерілуі себепші.
Жүрек қан тамырлары ауруы дегеніміз не?
Оған төмендегідей аурулар кіреді:
– Жүректің ишемикалық ауруы – жүрек бұлшық етін қанмен қамтамасыз етіп отыратын қан тасымалдаушы тамырлардың зақымдалуы;
– Бас қан тамырларының ауруы – миға қан тасымалдайтын тамырдың зақымдалуы;
– Перифериялық артерия ауруы – аяқ пен қолға қан тасымалдайтын қан тасымалдаушы тамырлардың ауруы;
– Ревмокардит – стрептокок бактерияларының ревматикалық шабуылының нәтижесінде жүрек бұлшық еті мен жүрек клапанының зақымдалуы;
– Туа біткен жүрек ақауы – баланың дүниеге келген шағынан жүрегінің деформациялануы;
– Терең тамырлардың тромбозы және өкпе эмболиясы – жүрек пен өкпеге жететін қанды тасымалдайтын аяқ қан тамырларында қанның ұйып қалуы;
Инфаркт пен инсульт, әдетте, жүрек пен миға баратын тамырлар бітеліп қалған кезде мазалайды.
Жүрек қан тамырлары ауруының белгілері қандай?
– Негізінен алғашқы ескертуі ретінде инфаркт пен инсультты атай аламыз. Сондықтан, инфарктың белгілерін талдағанымыз жөн:
– Кеуде жасушалары ауырып, жайсыз сезім туады;
– Қол мен сол жақ иық ауырып, шынтақ, жақ немесе арқада жағымсыз сезім пайда болады;
– Кейде бет жансызданады;
– Көз көрмей қалуы мүмкін;
– Бұдан өзге науқастың басы айналып, дем жетпей, жүрегі айниды.
Ал сіз бұл ауру туралы өзге қандай мәліметтер білесіз?
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: poradumo.ru
Қ. Бүйенбай