- Негізгі бет
- Денсаулық
- Жұмысбасты жанға керек...
Жұмысбасты жанға керек кеңес
Егер жүрегіңіз қағып, кенеттен асқазаныңыз ауырып кетсе, бойыңызды әлсіздік билеп, басыңыз айналса, өз-өзіңізді қолға алыңыз. Шаш өру, тақпақты дауыстап оқу, баспалдақты санау секілді оңай әрекеттер ағзаңызды қалпына келтіреді.
Мамандар жұмысбасты жандарға йогамен айналысуға кеңес береді. Ойыңызды жайландырып, бойыңызға күш беретін тәсіл әлденені уайымдағанда сізге көмектеседі.
Тыныс алу мүшелерін пайдаланыңыз. Ағзаңыз сізге қажетті ырғақпен қызмет істей алуы үшін терең тыныстаңыз. Ұйқыдан тұрған соң және жатар алдында бар деміңізді ішіңізге тартып, қайта шығарыңыз.
Таза ауамен демалыңыз. Таза ауа қан айналым жүйесін жақсартып, бойыңызға сергектік сезімін сыйлайды. Әсіресе күні бойы компьютерде отырып жұмыс істейтін жандар таза ауада көбірек жаяу жүруі керек.
Спортпен шұғылданыңыз. Мысалы, бассейн денсаулығыңызға үлкен көмек береді.
Не нәрсені уайымдап жүрсіз? Миыңыздан шықпай, жаныңызды жегідей жеп жүрген мәселені біржола шешіп тастауға тырысыңыз. Егер біреумен ренжіссеңіз, татуласыңыз. Осылайша сіз денсаулығыңызды сақтайсыз.
М. Оңғарова