Жаз уақытында миға қуат берейік

Жаз уақытында миға қуат берейік
Фото: lclub.com.ua

Күн ыстықта жұмыс істеу әсте қиын. Әлсіздік пайда болады әрі ми жұмыс істеу қабілетін бәсеңдетеді. Оған қоса, жаз десе, демалыс уақыты еске түсе ме, әйтеуір ми бұрынғыдай қызмет атқара алмай жүреді. Осы уақытта мидың қызметін кей азық-түлік реттей алады. Бұл азықтарды тек жұмыс күндері ғана емес, демалыс күндері де рационға қосып тұру керек.

Авокадо

Авокадоның бір түйірінде шамамен 22,5 грам май қышқылы бар, ал май қышқылының 2/3 бөлігі  қанықпаған ерітіндіден тұрады. Бұл ерітінді мидағы қан айналымын жақсартып, нейронды байланысты қатайтады. Оған қоса, авокадода ақуыз, талшық, Е дәрумені, фолий қышқылы және калий болады. Бұл заттардың барлығы ми үшін маңызды. Бір зерттеуде авокадоны салатқа қосып жиі жесе, адам 3-5 есе көп табиғи антиоксидантпен ағзасын қуаттандырады екен.

Қант

Мидың «жанармайы» – қант, анығында глюкоза. Тамақтағы көмірсу мен қант бір-бірімен байланысқа түскенде ми жақсы жұмыс жасайтын болады. сол үшін жаздыгүні жұмыс уақытында бір стақан тәтті сусын ішкен артық етпейді. Есте сақтау қабілеті мен жұмысқа деген құлшынысы артады. Бастысы мөлшерін анықтай алу керек. Ересек адам күніне 65 грамм қант тұтыну керек екен. Бұл шамамен шоколад батончигінің жартысы, 400 миллилитр жүзім шырыны немесе 4 банан, не болмаса 5 алма. Қант диабетімен сырқаттанған науқас әлсіз болып бара жатса, 0,33 литр кола сусын ішкізеді, себебі, оның құрамында қант өте көп.

Жаңғақтар

Жаңғақтар – ақуыз бен омега-3-тің негізгі қоры. Олар авокадо секілді миға қуат береді. Тек бұл ғана емес, мысалы, орман жаңғағы (фундук) мен бадамның құрамында Е дәрумені бар. Е дәрумені мидағы тамырлардың созылғыштық қасиетін қорғап тұрады. Оған қоса, есейе келе ақылдың азаюы секілді дерттерден қорғайды.  Нидерландиялық зерттеушілер жүргізген зерттеу жаңғақтардың онкологиялық аурулардың және 2 дәрежелі  қант диабетін алдын алатын қабілеті барын дәлелдеді.

Су

Адам ағзасының 70% судан тұрады. Ағзадағы жасушалар мен олардың арасын түгел су құрап тұр. Ал мидың шамамен 80% судан тұрады. Мидағы биохимиялық және электрлік процестер сусыз жүзеге аспайды. Жүйке жүйесінің қызметі үшін және ақпарат алмасу үшін судың маңызы зор. Сонымен қатар, су энергия көзі – глюкозаны ыдыратушы. Шөлдеп тұрған сәтте әлсіздік пайда болады. Бұл әлсіздік – мидың дұрыс қызмет атқармай жатқанының белгісі. Су ішкіңіз кеп тұрған кезде, бірнәрсені есептеп көріңізші. Жай күндерге қарағанда мұндай сәтте есеп шығару мүмкін емес. Ми көбірек «су ішсе» тез әрі дұрыс жұмыс істейтін болады. Жай күндері адам 2 литр су ішу керек болса, жаздыгүні 1,5-3 литр мөлшерінде су ішу керек. Тек су емес, 85-99% судан тұратын шай, морс, газдалған сусын ішіп, шөлді басуға болады әрі мидың жақсы жұмыс жасауына көмектеседі. 

Г. Берік