- Негізгі бет
- Денсаулық
- Жатын бөлмедегі теледидар...
Жатын бөлмедегі теледидар - созылмалы аурудың хабаршысы
Психотерапевтердің айтуынша, теледидардың тұратын орны жатын бөлме емес. Жатар алдында жайғасып алып теледидар көру ұйқысыздыққа не басқа да созылмалы ауруларға ұшыратуы мүмкін.
Американдық мамандар осыны нақтырақ дәлелдеу үшін 21 500 адамның қатысуымен зерттеу жүргізді. Олардың көп бөлігі ұйқы алдында міндетті түрде теледидар қосып сол арқылы ұйқы шақыратындығы белгілі болған. Ерлер де, әйелдер де. Ал көбі теледидар қосулы тұрғанда мүлде ұйықтай алмайтын көрінеді.
Біз түн ортасында теледидар қарағанда күні бойы шаршаған миымыз қайта жұмыс жасайды. Белсенді түрде жұмыс жасайтыны сонша, спортпен айналысқан кездегідей көп мөлшерде энергияны қажет етеді. Бұл ұйқының бұзылуына алып келеді.
Кейде көбіміз "ұйқы келмедіні" сылтауратып, түні бойы теледидар алдында телміретініміз бар. Ол көк жәшік сіздің келмеген ұйқыңызды шақырудың орнына денсаулығыңызға кері әсерін жасай береді.
Ұйқының бұзылуы белгілі бір дәрежеде адамның иммунитетін төмендетеді. Ал төмендеген иммунитет өз кезегінде түрлі созылмалы қатерлі ауруларға жол беріп қояды.
Бас ауыртатын артық проблеманың денсаулығыңызда пайда болғанын қаламасаңыз, жатын бөлмеде тұрған теледидардың басқа бөлмеге шығарып тастаңыз, не өшіріп тастап тәтті ұйқыға батыңыз.
Күні бойы қарқынды жұмыс атқарған адамның теледидар қосуға шамасы келмесі анық. Мұнысы дұрыс та...
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
сурет: health.passion.ru
А. Әбілхан