- Негізгі бет
- Денсаулық
- Жан мен тәнге...
Жан мен тәнге рахат сыйлайтын тепе-теңдіктер
Фото:
Ернар Алмабек
Медицина ғылымының атасы атанған Ибн Сина өз өмірбаянында "Мен медицина саласын меңгере келе, білімімді науқас адамдарды бақылай отырып жетілдірдім. Оқығаныма тәжірибе қоса отырып, кітапта жазылмаған дүниелерді үйрендім" деп жазады.
Ибн Синаның 1000 жыл бұрын жазып кеткені ХХІ ғасырда да өз орнын табуда. Денсаулығы мықты болғысы келетіндер үшін ежелгі дәрігердің ақылды кеңестерін ұсынамыз:
Жан мен тәнге рахат сыйлайтын тепе-теңдіктер:
1) Мінез тұрақтылығы;
2) Дұрыс сусын мен тағам таңдай білу;
3) Тәніңізді қажетсіз дүниелерден арылту;
4) Мінсіз сымбатыңызды бірқалыпты ұстау;
5) Таза ауамен тыныс алу;
6) Қонымды әрі ауа райына лайық киім кию;
7) Жан мен тәннің қозғалысын үйлестіре білу (ұйқы мен сергектік мәселесі де қаралады).
А. Оралқызы