- Негізгі бет
- Денсаулық
- Холестериннің көбеюі ағзаға...
Холестериннің көбеюі ағзаға қалай әсер етеді?
Адам ағзасында холестерин көбейіп кеткен жағдайда, жүннің өсуі де тоқтап, түсе бастауы мүмкін. Аяқтағы жүннің өсуі холестеринге тікелей байланысты. АҚШ-тың Джонс Хопкинс атындағы Медицина мектебінің мамандары жүргізген зерттеуде осылай делінген. Зерттеу Nature Scientific Reports журналында жарық көрген.
Ғалымдар бұл құбылысты былай түсіндіреді. Холестериннің ағзада шектен тыс көбеюі артрит, оның ішінде, перифериялық артерия ауруына әкеледі. Ондай ауруға шалдыққан адамның қан айналымы бұзылады: артерия тамырларында майлы липидтер (холестерин) жиналып, қан тамыры бітеліп қалады да содан қан айналымы нашарлайды. Аяқтың бұлшықетіне қан бармаған соң, әлсіздік пен қан ұйып қалу жиілейді.
Содан ғалымдар холестериннің көбеюі терінің қабынуына әкеледі, ал ол аяқтағы жүннің ағарып жұқаруына, түсуіне әкеледі деген қорытындыға келген.
Холестерин көбеюінің тағы бір белгісі – тырнақтың баяу өсуі, табан мен тізенің тоңазып тұруы, жарақат түскен жердің жазылмай жүріп алуы. Бұл да қан айналымының бұзылуынан болатын көрінеді.
Қ. Слямбек