Гипстің орнын Cortex басады

Гипстің орнын Cortex басады

Жаңа Зеландияда орналасқан Виктория ханшайым университетінің дизайнері Джейк Евилл медицина саласына үлесін қосып, тиімді гипс ойлап тапты. Сол гипстің 3D принтерінен шыққан сұлбасы.


Евилл өзінің ойлап тапқан жаңалығын «Cortex» деп атады. «Ол әдеттегі гипстен әлдеқайда тиімді және тазалықты сақтауға, жаман иістен қорғануға, тітіркену секілді жағымсыздықтардан құтылуға көмектеседі» дейді.

Cortex әрбір науқастың сынған жерін рентгенге түсіріп, үш рет сканерлеген соң арнайы өлшемдер арқылы жасалады.


Cortex гипске қарағанда өте тиімді. Жеңіл, теріге ауа сіңірілуін толықтай қамтамасыз етеді, ең бастысы су процедураларынан қорықпайды. Жіңішке және көлемі арнайы жасалатындықтан, Cortex-ті киім ішінде кие беру ыңғайлы. Әдетте, гипсті қолданған кездегідей тітіркендіруді басу үшін сызғыш, шампур, таяқша дегендерді мүлдем қолданудың қажеті жоқ.


Жаңа технологияның мүмкіндіктері бұл жаңа ойлап табылған гипс үшін әлі де болсын аз. Оның бір данасының өзін бірнеше сағатта жасап шығарады. Сол себепті Cortex әзірге қарапайым тез салынатын гипстерге басымдылық беріп тұр.

Cortex жобасы жоғары тиімділігіне қарамастан, әзірге толықтай жүз пайыз қолдау тауып отырған жоқ. Алайда жүзеге асатыны анық. Сол себепті болашақта елімізге де келіп қалар деп үміттенейік.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: www.popmech.ru

Қ. Бүйенбай