- Негізгі бет
- Денсаулық
- Ғалымдар ұзақ өмір...
Ғалымдар ұзақ өмір сүрудің құпиясын айтты
Таза ауада серуендеу адамның денсаулығына жақсы әсер етіп қана қоймай, cонымен қатар мезгілсіз өлім қаупін азайтады. Бұл тұжырымды Англия университетінің ғалымдары растап отыр.
"Біздің бақылауымызша, уақытын таза ауада өткізетіндердің денсаулығы, далаға мүлдем шықпайтындарға қарағанда айтарлықтай жақсы. Таза ауада серуендеудің ең бір артықшылығы екінші топтағы қант диабетінің асқынуын, жүрек-қан тамыры ауруларын, мезгілсіз өлім мен ерте туу қаупінен сақтап, оған қоса ұйқы тыныш болады", - дейді ғалымдар.
Сонымен қатар таза ауада серуендеу уайымнан сақтап, қан айналымын жақсартып, жүрек соғу жиілігі және жалпы денсаулық көрсеткіштері дұрысталады. "Жасыл табиғаттың арасында өмір сүретін адамдардың физикалық түрде белесенді болуына барлық мүмкіндік бар. Оған қоса, табиғатта өмір сүретін түрлі бактериялар адам ағзасына тиімді әсер беріп, иммунитетті жоғарылатады", - дейді ғалымдар.
Мамандар көшеде серуендеудің денсаулыққа жақсы әсер етуін фитонцидтермен байланыстырып отыр. Ол - өсімдіктер мен бактериялар арқылы қалыптасатын биологиялық зат. Ғалымдардың пікірінше, таза ауада болу түрлі аурулардың алдын алып, тіпті баламалы емдеудің немесе препаратты емдеудің алдын алады.
Н. Үсенова