- Негізгі бет
- Денсаулық
- Ғалымдар өмірді ұзартатын...
Ғалымдар өмірді ұзартатын төрт тәсілді атады
Адам ұзақ жасағысы келсе, өмір салтына төрт тәсілді қосса жеткілікті. Мұны америка ғалымдарының зерттеуінен байқауымызға болады.
Express басылымында жарияланған зерттеуде авторлар ұзақ өмір сүруге себеп болар басым амалдарды санап көрсетеді.
Авторлардың айтуынша, біріншіден, тамақ рационына жеміс-жидекті көп қосқан жөн. Әсіресе, жерорта теңізі халықтарының диетасын қолданғану керек. Олар көкөніс пен дәрумені мол жеміс-жидектерді көп тұтынады. Жеміс-жидек қан тамыры мен жүрек ауруларының алдын алып, зат алмасуды жақсартады. Соның есебінен ми жұмысы да жақсарады.
Екіншіден, күйзелістен барынша аулақ болған жөн. "Сол үшін өмірден кез келген жақсылықты, жағымды нәрсені табуға тырысу керек" дейді ғалымдар. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, бақытты ғұмыр кешкен адамдардың өлім қаупі 3,7 пайызға азайған.
Бақытсыз адамдарға қарағанда бақытты адамдар 18 пайыз көбірек өмір сүреді.
Үшіншіден, денсаулыққа қауіпті заттардан аулақ болған жөн. Мәселен, ішімдік ішу мен шылым шегу. Ішімдік ішкендердің өмірі 17-18 пайыз қысқаратын көрінеді. Ал темекі он жылды "тартып алады".
Төртіншіден, қартаюды тоқтатын тағамдарды тұтынған жөн. Яғни, қоспасыз, табиғи тағамдар. Органикалық заттар, қант, гормон, антибиотик қосылмаған тағамдар өте пайдалы. Консервіге салынған, пластик ыдыста ысытылған тамақтардан да бас тартқан жөн.
Оның орнына жеміс-жидек, дәнді-дақыл, жануар ақуыз жеген дұрыс.
Қ. Слямбек