- Негізгі бет
- Денсаулық
- Ғалымдар масканың тиімділігін...
Ғалымдар масканың тиімділігін растады
Фото:
Freepik
Әлем ғалымдары жүргізген зерттеуде медициналық масканың коронавирус инфекциясының таралуын тежейтіні дәлелденді. Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлады.
Олар Gesundheit II арнайы аппараттың көмегімен адамның тыныс алуы нәтижесінде маска түрлі вирустарға тосқауыл бола алатыны анықталды. Масканың арқасында 111 науқас тыныс алған ауада вирустың айтарлықтай төмендегені байқалды.
Бүгінгі таңда әлем бойынша 1 348 566 коронавирус инфекциясын жұқтырған адам тіркелген. Оның ішінде 74 766 адам қайтыс болса, 286 234 науқас аурудан айыққан.
А. Рысдәулет