- Негізгі бет
- Денсаулық
- Ғалымдар коронавирусты рентген...
Ғалымдар коронавирусты рентген сәулесімен емдеуді ұсынды
АҚШ және Канада ғалымдары коронавирус инфекциясын сәуле терапиясымен емдеуге болады деп болжайды. Ал ресейлік сарапшылар бұл әдістің қауіпсіздігіне күмән келтірген.
Канададағы Джек Ади онкологиялық орталығының медициналық физика кафедрасының мамандары рентген сәулелерінің аз дозалары коронавирустың асқынуынан туындайтын жүрек ишемиялық ауруының алдын алуға көмектеседі дейді.
"ХХ ғасырдың басында рентген сәулелері жалпыға ортақ тәжірибе болды", - дейді зерттеу авторлары.
Мақалада ғылыми зерттеулер радиацияның аз дозалары қабынуға қарсы тиімді екенін көрсеткен. Мамандардың пікірінше, сәуле терапиясын қолдану коронавирус өлім-жітімін төмендетуі мүмкін.
АҚШ-тағы Эмори университетінің онкологиялық зерттеу институтының ғылыми тобы COVID-19 және пневмониямен ауыратын науқастарға рентген сәулесін сынақтан өткізді. Зерттеу барысында 10 науқастың өкпесі сәулелендірілген. Тағы 10 науқас терапиясыз емделген. Нәтижесінде, сәулелендірілген науқастар 3 күнде айыққан, ал қалыпты түрде емделушілер 12 күнде сауыққан. Авторлар сәуле терапиясы пациенттерге улы емес екенін айтады.
Ресейдің Н.Н. Блохин онкологиялық ғылыми-зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері Ирина Лебеденко коронавирусқа арналған радиациялық терапия тиісті дәрежеде зерттелмегенін айтты. Ол тіпті радиацияның аз дозалары қатерлі ісік ауруын тудыруы мүмкін екенін ескертіп, инфекциямен күресудің басқа қауіпсіз жолдарын ұсынды.
Т. Раушанұлы