- Негізгі бет
- Денсаулық
- Ғалымдар қатерлі ісіктің...
Ғалымдар қатерлі ісіктің алдын алу жолдарын айтты
Дұрыс тамақтану мен саламатты өмір салтын сақтану - қатерлі ісіктен қорғанудың басты жолы. Бұл туралы бүкіләлемдік зерттеу қорының мамандары жүргізген тәжірибе негізінде баяндалды.
Ғалымдар семіздік онкологиялық аурулардың 12 түрінің пайда болуына әсер ететінін анықтаған. Зерттеу қорытындысына қарағанда, семіздік бауыр, қуықалды безі, асқазан, ауыз қуысы, ішектер, сүт безі, бүйрек, өңеш пен ұйқы безі қатерлі ісігін тудыру қаупі барын алға тартып отыр.
Сонымен қатар мамандар зерттеуінде қатерлі ісікке шалдықпау үшін бірнеше кеңес береді. Олардың айтуынша, әрқашан спортпен айналысып, дұрыс тамақтану қажет. Алайда майлы тағамдар мен фастфудтарды, қызыл ет пен қантты мүлде тоқтату керек екен. Сондай-ақ мамандар ішімдік пен ас қоспаларынан бас тартуға кеңес береді.
Н. Үсенова