Анасы жүкті кезде күйзеліске түссе, бала демікпе ауруына шалдығуы мүмкін. Сонымен қатар бұл тұқым қуалайтын ауруға айналуы да ықтимал. Қазір аргентина ғалымдары осы тұжырым бойынша жұмыс істеп жатыр.
"Ұзақ уақыттан бері жүкті кезінде ана күйзеліске түссе, демікпе ауруын туғызуы зерттеліп жатыр. Біз мұны дәлелдеп, нәтижесін көру үшін тышқандарға тәжірибе жасай бастадық", - дейді Аргентина ғылыми-зерттеу кеңесінің ғалымы Игнасио Феноя.
Ғалымдар тышқандардың екі тобын зерттеген. Бір тобы жүкті кезде күйзеліске ұшыраған да, екінші тобында бұл ауру әсері байқалмаған.
"Біз күйзеліске шалдыққан әйелдің баласында аллергиялық пневмонияның жоғарылағанын анықтадық", - дейді Феноя.
Ғалымдар үшін екінші мәселе – мұндай әсер ұрпақ арқылы берілетінін анықтау.
"Ұрпақты ешқандай өзгеріске ұшыратпай өсіруге мүмкіндік бердік, содан кейін ұрпақ демікпеге бейім екенін растау үшін оларды ұрықтандырдық. Нәтижелер көрсеткендей, егер бірінші әйел жүктілік кезінде күйзеліске ұшыраған болса, онда одан туған балада күйзеліс болмаса да, оның ұрпағы демікпе ауруына шалдығуы мүмкін", - дейді ғалым.
Енді ғалымдар күйзелістің қаншалықты ұрпаққа әсер етіп, демікпеге әкелетінін анықтау үшін үшінші буын зерттеуін жалғастырады.