- Негізгі бет
- Денсаулық
- Ғалымдар: "Етбетімен жатқан...
Ғалымдар: "Етбетімен жатқан адам қорқынышты түс көреді"
Гонконг Университеті ғалымдарының айтуынша, адамның ұйықтаған кезде түс көруі оның төсекте қандай күйде жатқандығымен тығыз байланысты.
Үнемі қорқынышы әрі түсініксіз түс көретін адамдар төсекте етбетімен жатып ұйықтайтын көрінеді.
Әдейі етбетімен ұйықтау мен түс көрудің бір-бірімен тығыз байланыстылығын зерттеу үшін ғалымдар 600 студенттің қатысуымен сараптамалық жұмысқа бел шеше кірісіп кетті. Сараптама негізінде студенттер арасында сауалнама жүргізілді. Олардан үнемі төсекте қандай күйде ұйықтайдығы және қандай түсті жиі көретіндігі сұралды. Нәтижесінде ғалымдар өздерінің жобасының негізсіз еместігіне көз жеткізді. Расында да, адамдар етбетімен жатып ұйықтағанда миға симайтын қорқынышты түстерді көреді екен. Мұны мамандар етбетімен жатқанда оттегінің жетіспей қалатындығымен түсіндіреді. Ауа жетпеген кезде адамдардың осындай түстерді көруіне тура келеді.
Өзіңіз де тексеріп көріңіз!
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
А. Әбілхан