- Негізгі бет
- Денсаулық
- Ғалымдар "био-тіс" жасап...
Ғалымдар "био-тіс" жасап шықты
Ғалымдар жоқтан бар жасауды үйреніп келеді. Жасанды тісті барынша мінсіз етуде ағылшын ғалымдарының еңбегін атамай өтсек әділдік болмас еді. Қаралушының тіс үлгісін пайдалана отырып жасалған гибридтің адамның табиғи тісінен өзгешелігі жоқ. Ғалымдар болашақта ауру тістер мен түсіп қалған тістердің орнына жаңа әрі тірі тіс қою мүмкін болады деп болжапты.
Тіс жиегінен алынған жасушалары мен тышқан эмбриондары бойынша жасалып шыққан «гибридті тіс» зертханалық тышқанның жағында өсіріліпті.
Зерттеушілер адам жағында дәл осылай тіс өсіру мүмкін болатын болса – бұл жаңалық ғылымдағы басты жаңалық болады деп сенеді. Соңғы бірнеше жылда ғалымдар ауру немесе түскен тістің орнына фарфор қалбырын темір қысқыштар арқылы қондыру мәселесімен айналысқан екен.
«Басты мақсатымыз – тіс өсіретін жасушаларды табу болып отыр. Бұл клеткаларды тапқан соң біз оны науқастың жағына қоныдарамыз. Ал ол өз кезегінде жақпен байланыс жасап, табиғи түрде тіс өсіріп шығарады» деп түсіндіреді Лондонның Корольдік колледжінің профессоры Пол Шарп.
Шарптың айтуынша, «био-тіс» адам тіс жиегінің клеткалары мен тышқанның стволдық жасушаларын араластыру тістің өсуіне ықпал жасап, оның жақпен қабысып кетуіне әсер етеді екен.
Бұл жаңалық стоматологиялық зерттеулер журналында басылған. Ең бірінші био-тісті тіс трансплантологиясында қолдануға болмайды. Себебі оның құрамында жануарлардан алынған заттар бар. Сөйтіп, бұл тәжірибе тірі тіс жасауға болатынын дәлелдеп берген.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: healthinfo.ua
А. Құлтай