- Негізгі бет
- Денсаулық
- Ғаламтор жылдамдығының адамға...
Ғаламтор жылдамдығының адамға әсері
Видео көріп отырған кезде Ғаламтор жылдамдығының нашарлауынан туындайтын күйзеліс үрейлі фильмнен алатын күйзеліспен бірдей. Бұл туралы ғалымдар мәлімдеп отыр.
Зерттеушілер теорияларын тексеріп көру үшін видео көріп отырған адамдардың эмоцияларын бақылайтын нейротехнологияны пайдаланып көрді. Видеоны жүктеп жатқан кездегі іркіліс тамыр соғысын 38 пайызға жиілетуге әкеледі екен. Сонымен қатар видеоны көру кезіндегі 6 секунд үзіліс күйзеліс деңгейін 30 пайызға көтереді. Бұл математикалық күрделі есепті шығарған кездегі және жалғыз отырып үрейлі фильм көрген кезде алатын күйзеліспен бірдей.
Алынған мәліметтер видео жүктеген кезде іркілістің болмауы қолданушының операторға деген ниеттестік индексін 4,5-ке көбейтсе, іркіліс болған кезде индекс 4-ке төмендейді
Дереккөз: tengrinews
С. Ерсін