- Негізгі бет
- Денсаулық
- Фаст-фуд шаштың түсуіне...
Фаст-фуд шаштың түсуіне әсер етеді
Фаст-фудтың денсаулыққа зиян екенін білсек те, кейбіріміз оны әлі күнге дейін жейміз. Халық денсаулығына алаңдаған ғалымдар оған арнайы зерттеу жүргізіп, денсаулыққа қаншалықты қауіп төндіретінін анықтады. Соның ішінде шаштың түсуіне қатты әсер етеді екен.
1. Семіру
Жылдам тамақтану орталықтарына жиі бара беру арқылы семіруге болады. Мұндай орталықтардың мәзірі калориясы көп тағамдарға толы болғандықтан, бұл мәселе аса таң қалдырмайды.
2. Тұзды артық мөлшерде пайдалану
Фаст-фудты жеген кезде ағзамыздағы тұздың мөлшері 2 есе артады. Яғни 1500-1700 миллиграммнан 3400-ге дейін жетеді. Тұздың мұндай дозасы артерия қысымының көтерілуіне әсер етіп, диабет, бүйрек ауруларын қоздырады.
3. Холестериннің молшылығы
Дәрігер мамандар ағзамызда күнделікті 300 миллиграмм холестерин мөлшері болу керектігін айтады. Алайда бір ғана бургерде дәл осы мөлшерде холестерин бар. Ал егер оған қосымша фри картобын жеп, коктейль ішетін болсаңыз, мінсіз жүрек қан тамырлар жүйесі мен жайлылық сезімі туралы ұмыта берсеңіз болады.
4. Майдың молшылығы
Жылдам тамақтану орталықтарындағы тағамдардың құрамында бір тәулікке жететін 1400-2000 ккал бар.
5. Жасанды қоспалар
Фаст-фудтың құрамына төмендегілер кіреді:
- пропиленгликоль (электронды темекілердің негізгі құраушысы);
- диметилполисилоксан (силикон жасау үшін пайдаланылатын өнім);
- ашытқы экстракты;
- иістендіргіштер;
- дәмді арттырушылар;
- натрий фосфаты;
- қоюландырғыш;
- жүгері шырыны.
6. Гормональды өзгерістер
Шамамен кез келген сэндвичтің, наггистің, бургердің құрамынан денсаулығымызға кері әсерін тигізетін гормондарды табуға болады. Олар:
- прогестерон;
- эстриол;
- тестостерон.
7. Түрлі ауру сыйлайды
Жылдам тамақтануды ұнататын адамдар төмендегі аурулардың кем дегенде біреусімен, көп жағдайда барлығымен кездеседі:
- гастрит;
- ойық жара;
- іш жүрмеу;
- целлюлит;
- атеросклероз;
- аритмия;
- гипертония;
- безеу;
- шаштың түсуі;
- терінің сұр түске боялуы;
- иммунитеттің әлсіреуі;
- жиі тұмаурату.
Әрдайым дұрыс тамақтаныңыз. Бұл аталған тамақтарды денсаулыққа пайдалы жемістер мен көкөністерге алмастыруға болады.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: kuhnia.ru
Қ. Бүйенбай