Есте сақтау қабілетін жақсарту. Жалғасы

Есте сақтау қабілетін жақсарту. Жалғасы

Басы мында

Дене шынықтыру

  Спорт залдарында үзбей дене шынықтырумен айналысудың нәтижесінде миға қан келіп, ағза оттегіні де белгілі дәрежеде қабылдап, мидың жұмысын жақсартады. Егер мидың жұмысы жақсы болса, есте сақтау қабілеті де жақсара түседі. Сондай-ақ, бүкіл дененің мимен байланысы тағыз. Дене қозғалысының көптігі — ағзадаға зат алмасу процессін жақсартып, миды артық күштерден арылтады. Сондықтан да, бұл дәлелдерден кейін, спортпен шұғылдануды — күн тәртібіндегі басты ереже деп қарауға кеңес береміз.

 Миға жүктеу

Көп нәрсені есте сақтау үшін оқып, оқығанды мида тоқудан жалықпаңыз. Тіпті, тісіңізді бүгін басқа қолмен тазалауыңыз, не болмаса киім тігуде басқа қол иірімдерін пайдалануыңыздың өзін сіздің ми жаңашылдық деп қабылдайды. Ал жаңа ілімдермен таныс болудың өзі де миға сергектік сыйлайды.

  Тәтті ұйқы

 Күндіз ми қабылдаған ақпарат, түнгі ұйқы кезінде қайта іске қосылады. Оқымысты ғалымдардың пайымдауынша, ми жасушалары адамның ұйықтап жатқан сәтін пайдаланып, миды тазарту жұмыстарын жүргізеді. Яғни, күндіз қабылданған ақпараттар түнгі ұйқы кезінде бас ішінде сараланып, рет-ретімен тізіледі екен. Ал бізден кеңес: тәулігіне 8 сағаттан кем ұйықтамаңыз. Ұйқының жетіспеушілігінен ми қабаттары зардап шегіп, есте сақтау қабілетіңіз де төмендей түседі. Сонымен қатар, алкогольді ішімдік ішіп алып, ұйқыға кету де өте зиянды. Тәжірибеңізден көрген боларсыз, мас адам сау кезінде, кешегі болған оқиғалардан бейхабар болады.

 Күйзелістің алдын алу

  Күйзелістің пайда болуына әсер ететін үш фактор мыналар: күйбең тіршілікте пайда болған жаңа заңдылықтар, кей оқиғалардан алатын негатив әсер және уайым. Бұл факторлардан келетін жағымсыз әсерлер адамды күйзеліске ұшыратып, соңынан миына артық күш түсіреді. Бұдан құтылудың жолы, тыныс жолдарына арналған жаттығулар мен йога, кешкі уақытта жылы ванна қабылдау. Кеңесіміз, уайымшылдықтан арылу мен уақытылы қабылданған  ас пен ұйқы.

  Есте сақтаудың дұрыс жолы

Дауысыңызды шығарып, болып жатқан құбылысты әңгімелеп көріңіз. «Міне менің көлігім. Оны дүкеннің қасына қалдырып барамын. Кілтті әкеліп, тоңазытқыштың үстіне қойдым. Тоңазытқышта тағамдар сақталған....» Ойыңызды дабыстап айтып көрсеңіз, есіңізде сақталады. Себебі, құлақпен кірген дыбысты ми да жақсы сақтай алады.

Өз әрекеттеріңізді суретке түсіріп көріңіз. Дыбыстап айту жеткіліксіз жайттар болады, бұл кезде түсірілген суреттер кейін болған жайтты қайта еске түсіреді. Қазір, ақпарат пен техниканың дамыған заманында, сағат санап түсетін ақпаратты есте ұстай алмай, техниканың көмегіне жүгінуге мәжбүр боламыз. Ұстауға да, қолдануға да ыңғайлы фотоаппараттың көмегімен оқиғаларды сурет етіп жазсаңыз, ұтылмайсыз. Тойлар мен маңызы бар іс-шараларды міндетті түрде суретке түсіріп жүру, кейін сол суреттердің арқасында өткен қуанышты оқиғаны қайта еске алу. Бізден кеңес: егер есте сақтап қалу үшін өте маңызды жайттар көз алдыңызда өтіп жатса, суретке түсіру пернесін басудан қысылмаңыз.

Қайталаңыз

Естіген нәрсені ұмытпасқа төрт түрлі себеп бар: әуелі көкірегі байлаулы, берік болмақ керек екінші – сол нәрсені көргенде я естігенде ғибратлану керек көңілденіп, ойланып, көңілге бекіту керек төртінші – ой кеселді нәрселерден қашық болу керек. Бұл Абай қалдырып кеткен қара сөздердің бірі. ХІХ ғасырда жазылып кеткен бұл сөздің жаны бүгінгі күнге дейін жоғалмаса керек. Шынымен, естіген, көрген нәрсені ұмытпас үшін көкірекке тек соны түйіп, іштен бірнеше рет қайталап отыру керек.

  Өзіңізді тексеру үшін

 Төменде көрсетілген белгілерді саралай кле, өзіңізге қатысты талдау жасап көріңіз. Егер қандай да бір белгі бойыңыздан табылса, есте сақтау қабілетіңіздің нашарлағаны. Олар төмендегіше жіктеледі:

1.  Қалыпты ұмытшақтық

-     Кілтіңізді көрінген жерге салып қоясыз да, қайда салғаныңызды ұмытып кетесіз.

-     Жаңа танысыңыз не болмаса әріптесіңіздің есімін де аз уақытта ұмытып қаласыз.

2.   Есте сақтаудың жеңіл бұзылуы

-      Бүгінге жоспарланған кездесуіңіздің бар екенін ұмытасыз.

-      Жеке заттарыңызға ие бола алмай, жоғалтып ала беретін боласыз.

3.    Ауыр жағдай.

-      Сіз жақындарыңыз бен туғандарыңыздың есімін естен шығарып аласыз.

-      Сіз жоспарлы түрде мүлде әрекет ете алмай қаласыз.

 Еске түсіру

Кейде, әр түрлі жағдайларға байланысты өткінші құбылыстар өздігінен еске оралады. Ал, еске түсіру қатты қажет болған кезде, есімін таппай, не болмаса өткен оқиғаны еске түсіре алмай, қиналып жататын кездер болады. Бұл тығырықтан шығудың жолы бар. Мәселен, бүгін Арманмен кездесесіз делік. Кездесу орнын белгілеп қойған болсаңыз да, есіңізден әп сәтте шығып кетіп, қайда барарыңызды білмей тұрсыз. Осы бір сәтте Арман сүйіп оқитын ақынды еске түсіріңізші. Ол — Абай.  Демек, кездесуге белгіленген орын Абай даңғылы болды. Осылай, егер жадыңызда сақтап қалар дүниелер болса, басқа бір жағдайлармен байланыстыра отырып есте сақтаған, кейін осы жағдайды еске түсіре отырып, оқиғаны да миға сол қалпында оралтуға болады. Белгілі жағдайлар еске түскенде, ұмытқан нәрсе де өздігінен ойға келеді.

 Ұмыту да керек

Есте ұстау мен ұстағанды ойда сақтап қалу жеткіліксіз. Қажеті жоқ, ескі ақпараттан да құтылып отыру маңызды. Досыңыздың есігін қағып тұрған сайын, оның ескі нөмірін тере бересіз дейік. Осы жерде былай етіп көріңіз: қағазға ескі үй нөмірін жазыңыз да, сол қағазды өртеңіз...ойша. Өртеніп кеткен қағаз күлін жел өзімен бірге алып кетті. Мидан да жоғалды. Қарапаймым ғана әрекет.

Қиынырақ мысал алып көрелік.  Мәселен, сіздің жігітіңізбен жолдарыңыз екі айырылып кетті деп есептейік. Оны ұмыту керек. Бірақ, көзіңізді жұмған бойда оның елесі көз алдыңыздан кетпей,  мазаңызды қашырады. Ойша, ескіріп кеткен фотосуретті көз алдыңызға елестетіп көріңіз. Ұмыта алмай жүрген жаныңыз бейнеленген суреттің түсі ойыңызда барған сайын оңа түсіп, сурет ақ параққа айналады. Міне, сурет те жоғалды, санаңыздан ұмыта алмай жүрген жанды да жоғалттыңыз.

 Дұрыс тамақтаныңыз

Біздің мидың үштен бір бөлігі қанбаған май оттегілерінен құралған. Соның әсерінен ми қабаттары қанды жақсы қабылдап, жұмыс істеу белсенділігін арттырады. Бұл белсенділікті арттыру үшін теңіз тағамдарын, балық майын, жаңғақтар мен пістелерді жеткілікті мөлшерде қабылдау керек. Сондай-ақ, жарма мен көкөністер құрамы «жәй» көмірсуларға мол болады. Ал құрамы қантқа толы ұн тағамдары мен чипсы болса,  «шапшаң» көмірсуларға бай. Олар ойлау мен дене қызметінің белсенділігін арттырады, бірақ соңынан барып, әлсіздік пайда болып, ойлау жұмысын тым бәсеңдетіп жібереді. Енді осыдан шешім шығарып көріңіз. Тәтті тағамдарға әуес болған дұрыс па, әлде теңіз тағамдары мен көкөністерге құмартқан дұрыс па?

Адам миына аминқышқылдары ауадай қажет. Ал қышқылдың бұл түрі балықта, дәнді дақылдар мен күріште болады. Есте сақтау қабілетіңізді жақсартқыңыз келсе, аталған азықтармен қоректенуді әдетке айналдырыңыз.

 Мнемозиннің сырлары

 Мнемозин сөзі жат көрініп отырған болар. Бұл дегеніміз, есте сақтау қабілетінің құдайы екен. (Богиня памяти).

Жылдар бойы адамдар есте сақтау қабілетін жақсарту үшін небір амал-әрекеттерді ойлап көрген.  Ол үшін мнемоникалық техниканы да ойлап тауып, оған гректің бір құдайының есімін берген. Ол жолдардың барлығы, белгілі бір жағдайды еске түсірумен байланысты. Адамның компьютерден де айырмашылығы да сол, ол ойында тек керекті мағұлматтарды сақтай алады. Тәжірибе үшін, әр түрлі он сөзді алып, олардың әрқайсысына әңгіме құрап көріңізші.  Кез келген затты бір-бірімен байланыстыра беруге болады. Мәселен, «музыка» мен «бензин» сөздерін алайық. Бір-біріне байланысы жоқ сөздер бола тұра, бұл екі сөзді байланыстырып жіберуге болады: «музыканың әуені естілмесе де, құйылып жатқан бензиннің дыбысы музыка болып естілді» - десек, бензин мен музыка бір-бірімен байланыса кетті.

 Ойлау жүйесіне арналған жаттығулар

 Балалық ермектер. Біздің есте сақтау қабілетімізді бала кезден бастап жаттықтыруға дағдыландырған. Сәби уақыт өте ақырын кеңістік пен уақыт мезгілдерін ажырата алатын болады. Таң, түс, кеш мезгілдерін білгеннен кейін, ертең мен кешені, бүрісікүнді ажырата бастайды. Аз-аздан ата-аналар балаларын есте сақтау қабілетінің жақсаруына одан әрі әрекеттер жасай түсіп, «Әже соңғы рет үйге қашан келген еді?» немесе «Циркте қандай аңдарды көрген едік?» деген сияқты сұрақтарды қояды. Сұрақтарға ойша жауап іздеген бала миына бұл жатты,у болып тиеді. Ал есейген шақта адамға дәл осындай ой жаттығулары аса қажет. Күнделікті жатар алдында, өткен күніңізге талдау жасап көріңіз: кіммен кездестіңіз, қандай сөздер айтылды, қандай әуендерге құлағыңыздың құрышы қанды. Осының бәрін еске түсіру арқылы сіз миыңызды жаттықтырасыз.

Балаларға арналған ойыншықтарға әуес болуға қысылмаңыз. Мәселен, бес айырмашылығын тауып көр деген сияқты ой шынықтыратын жаттығулардың берер пайдасы зор. Тағы пайдасы мол жаттығу, бірден жүзге дейін санау. Санау жүйесі ешқашан да есіңізден кете қоймас, дегенмен, ми үшін бұл жаттығу тиімді.

«Шпаргалка» ұғымы сізге таныс шығар? Есте сақтаудың ең ұтымды тәсілі — керек болған затты қағаз бетіне жазып алу. Бір қызығы, бұл ми үшін жаттығу болып саналмайды. Емтиханға дайындалардың алдында қағазға жазған жазуларыңыз есіңізде сақталумен қатар, жазба күйінде де болады.

Жоғарыда көрсетілген кеңестерге мән беріп, шешім қабылдасаңыз,  ми қызметіңіздің белсенділігін арттырып, есте сақату қабілетіңізді жақсарта аласыз.

 Есте ұзақ сақталатын қуаныштарыңыз көп болғай!!!

Сурет allwomens.ru сайтынан алынған

А. Байжан