- Негізгі бет
- Денсаулық
- Есте сақтау қабілетімізді...
Есте сақтау қабілетімізді бұзатын 7 тағам
Дәрігерлер адамдар жейтін барлық тағам ақпаратты есте сақтау қабілетіне тікелей әсер ететініне сенімді.
Кейбір адамдар есте сақтау қабілетінің нашарлығы сонша, оларға қатысты халық арасында "ақпа құлақ" деген сөз бар. Егер бұл сізге қатысты болса, жейтін тамағыңызды қайта қарастырған жөн.
"Есте сақтау проблемалары көптеген аурулардың алғашқы белгілері болуы мүмкін. Мысалы, ұмытшақтық қатты күйзеліске ұшыраған, қант диабеті, бас жарақаты, орталық жүйке жүйесінің аурулары, қан тамырлары проблемалары бар адамдарға тән. Ал, көптеген аурулар дұрыс тамақтанбаумен байланысты", - деп жазады Sözcü.
"Біздің миымыз ағзаның тағамнан алатын калориясының 30% сіңіреді. Жеген тағамның бәрі сіздің миыңыз бен есте сақтау жұмысыңызға тікелей әсер етеді", - деп ескертеді невролог доктор Дерья Улудюз.
© russianamerica
Қандай тағамдар біздің есте сақтау қабілетіне зиян болуы мүмкін?
Өсімдік майлары
Кнбағыс майы да есте сақтау қабілетіне зиян тигізуі мүмкін. Сондай-ақ оған жүгері майын қосыңыз. Өйткені, майларда көптеген омега-6 май қышқылдары бар, олардың артық болуы ағзаға зиян. Атап айтқанда, Омега-6 артық болуына байланысты қан қоюлануы мүмкін. Бұл қышқылдар, мидың жақсы жұмыс істеуіне көмектесетін омега-3 май қышқылдарының әсерін бейтараптандырады.
Энергетикалық сусындар
Түнде жұмыс өнімділігін арттыру үшін энергетикалық сусындар ішеміз. Бұл да ағзаға зиян. Өйткені, энергетикалық сусындар қант диабеті мен Альцгеймер ауруының қаупін арттырады. Сонымен қатар, сусындағы қанттың көп мөлшері қандағы инсулин деңгейін арттырады, бұл есте сақтау проблемаларының дамуын тудырады.
Жоғары гликемиялық индексі бар тағамдар
Гликемиялық индекс көмірсулардың қандағы қант деңгейіне қалай әсер ететінін көрсететін көрсеткіш. Жоғары ГИ тағамдарына ақ нан, макарон өнімдері, картоп және күріш кіреді.
Жоғары ГИ тағам глюкоза мен инсулин арасындағы тепе-теңдікті бұзады, сөйтіп қандағы қант деңгейінің жоғарылауына әкеледі. Ал бұл есте сақтау қабілетіне қатты әсер етіп, салдарынан адамдар ұмытшақтықтан зардап шегеді.
Дегенмен, бұл мұндай өнімдерден толығымен бас тарту керек дегенді білдірмейді. Барлығының мөлшері болу қажет.
Қуырылған тағамдар
Қуырылған тағамдарды мидың жауы деп атауға болады. Күнделікті тұтынатын өнімде қуырылған тағам тым көп болса, уақыт өте келе мидың есте сақтау қабілеті азайып, адам ұмытшақтан зардап шегеді.
Жасанды тәттілендіргіштер
Қантсыз печенье және төмен калориялы сусындар сіздің жадыңызға теріс әсер етуі мүмкін. Синтетикалық тәттілендіргіштер тым көп мөлшерде тұтынылса, инсулин деңгейін айтарлықтай арттыруы, жүрек ауруын және метаболикалық процестердің бұзылуын тудыруы мүмкін.
Алкоголь
Алкогольді ішімдіктерді адам ішіп отырып есте сақтау қабілетінен айрылады. Егер сіз тым көп және үнемі ішетін болсаңыз, есте сақтау проблемалары одан сайын нашарлайды. Жалпы алғанда, алкоголь сіздің когнитивтік қабілеттеріңізге зиян келтіреді.
Транс майлары
Транс майлар сіздің миыңыз үшін өте қауіпті. Сіз оларды маргариннен, печеньеден, картоп чиптерінен және шоколад батондарынан таба аласыз. Олар өсімдік майынан жасалған. Транс майлар өнімдердің сақтау мерзімін ұзартады, бірақ олар денсаулыққа өте зиянды.
Т. Раушанұлы