- Негізгі бет
- Денсаулық
- Ересектерде кездесетін суыққа...
Ересектерде кездесетін суыққа аллергия белгілері
Кейбір адам аяз күнде жылы жерге кіргеннен кейін жайсыздана бастайды. Далаға шыққанда ашық тұрған жерінің терісінде ісік, бөртпелер пайда болып, тоқтамастан қышиды немесе суық сусын, тағам түрін жегеннен кейін мойын қуысы (не ерні) ісіп кетеді. Осындай белгілері бар ауру түрін медицинада суық есекжемі (крапивница) деп атайды. Ересектер арасындағы суыққа аллергия дертінің белгілері, емі және себебі қандай, бірге талқылайық.
Аллергия дегеніміз не?
Аллергия дегеніміз иммундық жүйенің белгілі бір затпен байланысы кезінде шектен тыс реакция беруі. Аллергия тудыратын кез келген зат аллерген деп аталады. Аллерген қарапайым жағдайда қауіпсіз болуы мүмкін, дегенмен иммундық жасушалар оны агрессор ретінде таниды. Сол себепті, олар бөртпе, ісіну секілді беліглер арқылы сыртқа шығаруға тырысады. Аллергендер қатарына тамақ, косметика, шай, жануарлар түгі жатады. Суыққа, күнге, тіпті суға аллергиясы бар адамдар да кездеседі. Суыққа аллергия кезінде ағза белгілі бір қосындымен байланысқа түспейді. Төмен температура кезінде адам ағзасында суық агглютининдері (негізінен ақуыздар) түзіледі: оны ағза агрессор ретінде қабылдайды.
Суыққа аллергия қайдан пайда болады?
Суық есекжемі – созылмалы аллергиялық түрге жатады. Бүгінде танымал аллергия бір кездері суықты аутоқабыну синдром тұқымдасына жатқан. Оны ғалымдар тұқымқуалайтын ауру түріне жатқызған. Дегенмен қазір ол белгілі бір уақыт аралағында пайда болатын ауру түріне жатады. Суық дің жасушаларына белсенділік беріп, гистамин және өзге де қабыну медиаторларын іске қосады. Ересектердегі суыққа аллергия бірінші типті (өздігінен туындайтын), екінші типті (қан патологиясы) және инфекциялық болып жіктеледі. Арамызда бірінші типті аллергиямен ауыратын адамдар жиі кездеседі.
Аллергия қандай адамда жиі кездеседі?
Жүре-бара пайда болған суық есекжемі сирек кездеседі, шамамен жер тұрғындарының 0,05%-ы ғана аллергиядан зардап шегеді. Көбіне бұл жас және орта жастағы адамдардан байқалған. Аллергиямен ауыратын әйелдер саны еркектерге қарағанда екі есе көп.
Көбіне ауру белгілері бөртпе түрінде көрінеді. Ал екінші типті суыққа аллергияға байланысты мынадай аурулар туындауы мүмкін:
- Криоглобулинемия;
- cозылмалы лимфолейкоз;
- лимфосаркома;
- желшешек;
- сифилис;
- жұқпалы гепатит;
- жұқпалы мононуклеоз.
Ересектердегі суыққа аллергияның белгілері:
Суық есекжемінің алғашқы белгілері температурасы төмен затпен байланыс жасағаннан кейін 2-5 минут ішінде пайда болып, 1-2 сағатқа дейін созылады:
- тоқтаусыз дененің қышуы, көпіршіктер, дененің белгілі бір бөліктерінде не тұтас бөртпе туындауы:
- дем алу қиындайды, қырыл пайда болады;
- іштің ауруы;
- жылдам әрі тұрақсыз жүрек соғысы;
- ауыр жағдайда гипотензия (қан қысымының төмендеуі), шок, коллапс, кейде тіпті өлімге әкеледі.
Суыққа аллергияны емдеуге бола ма?
Әдетте бұл ауру түрі кенеттен пайда болып, солай жоғалып кетеді. Дертке шалдыққандардың 30%-ы ауру белгілері 5-10 жыл ішінде өздігінен жоғалып кеткенін айтады. Ал аллергиялық аурулар емделмейтіндіктен, тек оның асқынып кетпеуіне жол бермеу арқылы ғана шешімін табуға болады.